19
Алдыңғы оқу жылдарында ББЖМ-ға қатысқан білім беру ұйымдары
келесі жылы ББЖМ-ға қатысатын білім беру ұйымдарының тізбесіне кірмейді.
ББЖМ өтетін білім беру ұйымдарын таңдау бағдарламаға тізімді енгізу
нәтижесінде кездейсоқ іріктеу арқылы жүзеге асырылады.
Белгіленген аумақта шектеу шаралары мен төтенше жағдай енгізілген
жағдайларда уәкілетті орган ББЖМ өткізуді кейінге қалдыру туралы шешім
қабылдайды.
Тест тапсырмаларының саны, мазмұны мен түрі, сондай-ақ тестілеуге
бөлінетін сағаттардың саны МЖМБС-ға сәйкес тест спецификациясымен
анықталады. Тест спецификациясын Ұлттық тестілеу орталығы (ҰТО)
әзірлейді.
Білім беру ұйымдарында ББЖМ өткізу қағидаларының сақталуын
бақылауды ҚР БҒМ уәкілетті өкілдері (білім беруді басқарудың облыстық,
аудандық органдарының, білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету
жөніндегі аумақтық департаменттердің) жүзеге асырады.
Тестілеу рәсімдерін бағдарламалық және техникалық қамтамасыз етуді,
ББЖМ нәтижелерін статистикалық өңдеуді Ұлттық тестілеу орталығы уәкілетті
орган белгілеген мерзімде жүзеге асырады.
ББЖМ нәтижелері, оны аяқтаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде
білім беру ұйымдарына хабарланады. Сондай-ақ білім алушылардың
нәтижелері тестілеу аяқталғаннан кейін компьютер экранында бірден
көрсетіледі.
ББЖМ нәтижелері бойынша әрбір білім беру ұйымы кері байланыс алады
– білім беру сапасын жақсарту бойынша ұсынымдар түрінде әдістемелік көмек
алады, бұл:
1) білім беру сапасына әсер ететін факторларды (білім алушылардың
оқудағы қиындықтары, оларды даярлаудағы олқылықтар, педагогтердің кәсіби
дамуына қажеттілік)
анықтауға;
2) әдістемелік қолдау көрсетуді қажет ететін білім беру ұйымдарын
анықтауға;
3) білім беру ұйымдарының педагогикалық әлеуетін күшейтуге ықпал
етеді.
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы кешенді талдау
жұмысын жүргізе отырып, әрбір өңірдегі әрбір мектеп бойынша әдістемелік
ұсынымдар әзірлейтін болады.
Білім беру ұйымдары педагогке оқу процесін жоспарлау үшін қажетті
оқытудың белгілі бір кезеңдеріндегі білім алушылар жетістіктерінің деңгейі
туралы қорытынды ақпаратты; педагогтер мен мектептің қызметін, оқу
бағдарламасының меңгерілуін бағалауға қажетті сынып пен мектептің
жетістіктері туралы ақпаратты; ата-аналар үшін олардың балаларының білім
жетістіктері туралы ақпаратты алады.
ББЖМ нәтижелері туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-
ресурсында орналастырылады.
20
2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдары
ЖАН БАСЫНА
Достарыңызбен бөлісу: