Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында



Pdf көрінісі
бет172/369
Дата07.01.2022
өлшемі4,54 Mb.
#20509
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   369
 
52-кесте. 9-сыныпта өткізілген зертханалық жұмыстар саны  
 
Зертханалық жұмыстар 
Модельдеу 
Демонстрация 
1-тоқсан 


 
2-тоқсан 


 
3-тоқсан 



4-тоқсан 


 
Барлығы 


 
 
«Биология»  пәні  тірі  табиғат  туралы  ілімді  үйрететін  болғандықтан, 
тәжірибелік  дағдыны  дамытуға  көбірек  көңіл  бөлінгені  дұрыс,  ұсыну  арқылы 
эксперименттік жобаны нақтылауды білуі керек.  
Практикалық  дағдылар  биологиялық  білім  беру  мазмұнының  маңызды 
бөлігі болып табылады. 
Сабақта үлкейткіштерді қолдану, аспаптармен және препараттық инемен 
жұмыс,  уақытша  микропрепараттар  дайындау,  оларды  микроскоппен  қарап 
анықтау сияқты іс-әркеттер де тәжірибелік дағдыларға жатады. 
Биологиялық  білімнің  мазмұнында  зияткерлік  дағдылар  қамтылған. 
Мысалы,  таным  процесін  жетілдіруге  бағытталған  атау,  сипаттау,  негіздеу, 
анықтау, салыстыру, жалпылау және т.б. сипаттамалар бар.  
Білім алушылар тәжірибе жұмыстарын орындау кезінде алған деректердің 
негізінде  жаңалықтар  ашады,  табиғаттағы  заңдылықтарды  өз  бетімен  табады, 
деректерді  өңдеу,  нәтижелерді  талқылау,  жоспарлау  мен  өз  зерттеу  сұрағына 
жауап іздеу үшін өзінің зерттеу жұмысын жүргізу жұмыстарын үйренеді.  
Тәжірибе  жұмыстарын  орындау  кезінде  білім  алушылар  табиғаттағы 
заңдылықтарды өз бетімен табады,  жоспарлау мен өз зерттеу сұрағына жауап 
іздеу үшін өзінің зерттеу жұмысын жүргізуді үйренеді. 
Алған 
деректердің 
негізінде 
жаңалықтар 
ашады, 
табиғаттағы 
құбылыстардың заңдылықтарын өз бетімен табады.  
Келесі  қадамдар  арқылы  білім  алушының  бойында  тәжірибелік  және 
зерттеушілік дағдыларды дамытуға болады:  
–  ғылыми тәжірибені жоспарлау (зерттеу мақсаттарын анықтау);  
–  зерттеу сұрағын дайындау;  
–  зерттеу әдісі мен материалдарды таңдау;  
–  деректерді жазу және өңдеу (кесте, статистикалық анализ қолдануымен 
диаграммалар түрінде);  
–  қорытынды жасау (тәжірибе жүзінде болжамды дәлелдеу, бақылаудың 
негізгі нәтижелерін тұжырымдау);  
–  алынған  нәтижелерді  талқылау  (кемшіліктер  және  зерттеу  әдістерін 
жетілдіру бойынша нұсұаулықтарды іздеу).  
 
 
Оқу  бағдарламасы  бойынша  7-9-сыныптарда  қарастырылатын  зертханалық  жұмыстар  мен 
модельдеу  жұмыстары  міндетті  түрде  жүргізілуі  тиіс.  Себебі  қарастырылатын  зертханалық 
жұмыстар  мен  модельдеу  жұмыстары  білім  алушының  ізденіс  қабілеттерін  арттыруға  мүмкіндік 
жасайды. Модельдеу жұмыстары білім алушының өзіндік ғылыми ізденіс жұмысына бағытталған  
болғандықтан тоқсанның басында беріледі, оны орындау үшін нақты уақыты айқындалады. 


158 
 
Қолданбалы  курстарға  немесе  таңдау  курстарына  ұсынылатын 
тақырыптар:  «Биологиялық  модельдер  және  қолданбалы  есептер»,  «Әлемнің 
ғылыми-жаратылыстану эволюциялық бейнесі», «Биологиядағы математикалық 
модельдер  және  әдістер»,  «Тамақтану  және  денсаулық»,  «Экологиялық 
этика»,«Биология 
және 
денсаулық», 
«Әлемнің 
заманауи 
ғылыми-
жаратылыстану  бейнесі»,  «Биологиялық  белсенді  қоспалар»,  «Бәрі  біздің  түп-
тұқиямызда  (генетика  негіздері  бойынша)»,  «Әлемнің  інжу  маржаны  (7–9-
сынып  қыздарына  арналған  курс)»,  «Менің  денсаулығым  –  менің  қолымда», 
«Тірі  жасуша  жұмбақтары»,  (Тұқым  қуалаушылықтың  заңдылықтары», 
«Биологияның проблемалары», «Жасушалар және тері», «Үй іргесіндегі телім», 
«Биогеография  проблемалары»,  «Тері  –  денсаулық  айнасы»,  «Заманауи 
микробиология», «Нанотехнологияға кіріспе». 
Тақырыптар 
мұғалімдердің 
мүмкіндіктері 
және 
жағдайларына 
байланысты өзгертілуі мүмкін. 
«Биология» пәні бойынша жиынтық бағалау саны   
Оқу  пәнінен  әр  тоқсан  сайын  бөлім/ортақ  тақырып  бойынша  жиынтық 
бағалау (БЖБ) және тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізу қарастырылған. 
Төменде  53-кестеде  оқу  пәнінен  бөлім/ортақ  тақырып  бойынша  жиынтық 
бағалау рәсімдерінің нақты саны көрсетілген.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет