Балаларға экологиялық-биологиялық қосымша білім берудің негізін
табиғатты қорғау бойынша оқу-зерттеу жұмыстарын жүргізуге, оқу-тәрбие,
әдістемелік, ғылыми-зерттеу, экологиялық-насихаттау, мәдени-ағарту қызметін
қамтамасыз етуге бағытталған жас натуралистер станциялары мен экологиялық-
биологиялық орталықтар, мектеп үйірмелері құрайды.
Балалар туризмі мен өлкетану балалар үшін тартымды бағыт болып
табылады. Республикада туристік-өлкетану білім беру қызметін жас туристер-
өлкетанушылардың станциялары мен орталықтары, мектептердің, сарайлардың,
балалар шығармашылығы орталықтарының туристік-өлкетану үйірмелері жүзеге
асырады, онда білім алушылардың туристік-өлкетану қозғалысының әртүрлі
бағдарламалары іске асырылады. Оқушылардың «Менің Отаным – Қазақстан»
туристік-өлкетану экспедициясы аясында жас туристер қатысатын түрлі бағыттар
бойынша жаяу, шаңғы, су, велосипед және басқа да жорықтар, экспедициялар мен
экскурсиялар өткізіледі.