45
Тыңдау материалының көлемі 10 сөйлемнен, өлең шумақтары 3-тен
аспауы керек.
І жартыжылдық бойынша жазба жұмыстарының көлемі: әліппеге дейінгі
кезеңде графикалық диктант – 1-3 таңба, әліппе кезеңінде әріптік
диктант – 3-5 әріп, буын диктанты – 3-6 буын, сөздік диктант – 2-5 сөз,
диктант – 3-12 сөз. Жазба жұмыстарының санын мұғалім білім алушылардың
меңгеру деңгейі мен қажеттілігіне орай белгілейді. Жазба жұмыстарын
күнделікті жүйелі ұйымдастыру ұсынылады.
Тыңдалым мен айтылымның ерекшілігі: тыңдалым материалының көлемі:
30 сек – 1 мин.
Оқылымның ерекшелігі: оқуға берілген мәтіннің көлемі әліппе кезеңінің
басында 4-6 сөйлемнен, соңында 10 сөйлемнен аспауы керек. Әр сөйлемдегі сөз
саны 2-6-дан аспауы керек.
Жазылым ерекшелігі: дұрыс отырғызу, жарықтың дұрыс түсуі, дәптердің
көлбеу орналасуы және жазу кезінде қарындаш/қаламды ұстай білу); парақтағы
кеңістікті бағдарлай білуді қалыптастыру (жазу жолын, жоларалық кеңістікті,
жазу жолының жоғарғы және төменгі сызықтары мен тік көлбеу сызықтардан
шықпау); сурет салу, штрихтау, бастыра жазу, әріп элементтерін жазу; көркем
жазу нормаларын сақтай отырып, әріп элементтерін, бас және кіші әріптерді,
буын, сөз, сөйлемді және оларды байланыстыра жазу; қатесіз, көркем жазу
дағдыларын қалыптастыру.
Достарыңызбен бөлісу: