«Ана тілі» пәні Әліппеден кейінгі кезең «Ана тілі» пәні арқылы жүзеге асады.
Пәннің құрылымы мен мазмұны А.Байтұрсынұлының мынадай
ұстанымдарына негізделген: оңайдан қиынға, жеңілден күрделіге өту; білімді
тәжірибе арқылы өздігінен алу.
«Ана
тілі»
пәні
бойынша
оқу
жүктемесі
аптасына
6 сағаттан, барлығы ІІ жартыжылдықта 102 сағатты құрайды.
Оқу пәнінің мазмұны:
1) негізгі тілдік бірліктерден (мәтін, сөйлем, сөз, буын, дыбыс);
2) қазақ тілі бойынша қарапайым грамматикалық дағдылардан;
3) орфоэпиялық,
орфографиялық,
пунктуациялық
нормалардың
қарапайым түсініктерінен;
4) балалар әдебиетінен (ауыз әдебиеті мен көркем әдебиет) құралады.
Оқылым ерекшелігі: көркем шығарма көлемі – 45-65 сөз, ғылыми-
танымдық мәтін көлемі – 20-30 сөз.
ІІ жартыжылдықтың соңында оқу жылдамдығының нормасы: минутына
25-30 сөз; шылау, одағай, еліктеу сөздер, қос сөздер жеке сөз ретінде саналады.
Жазылым ерекшелігі: 2-жартыжылдық бойынша жазба жұмыстарының
көлемі: сөздік диктант – 4-5 сөз, диктант – 12-20 сөз, мазмұндама – 10-15 сөз,
мәтінді көшіріп жазу – 10-20 сөз, шығармашылық мәтін – 3-4 сөйлем (10-15
сөз). Жазба жұмыстарының санын мұғалім білім алушылардың меңгеру деңгейі
мен қажеттілігіне орай белгілейді. Жазба жұмыстарын күнделікті жүйелі
ұйымдастыру ұсынылады.