«Ағылшын тілі» оқу пәні «Ағылшын тілі» оқу пәндері (оқыту қазақ тілінде, оқыту қазақ тілінде емес) бойыншa оқу жүктeмeсінің көлeмі:
1-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында – 66 сағатты;
2-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында – 68 сағатты;
3-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында – 68 сағатты;
4-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында – 68 сағатты құрайды.
«Ағылшын тілі» оқу пәндері (оқыту ұйғыр, өзбек, тәжік тілдерінде) бойыншa оқу жүктeмeсінің көлeмі:
1-сыныпта – аптасына 0 сағат;
2-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында – 68 сағатты;
3-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында – 68 сағатты;
4-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында – 68 сағат.
Бастауыш мектепте «Ағылшын тілі» пәнін оқытудың мақсаты – сөйлеу
әрекетінің түрлерін: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылымды дамыту арқылы
тіл туралы бастапқы білімді меңгерту және оны тілдік нормаларды сақтай
отырып, оқу әрекеті мен күнделікті өмірде қолдану (11-кесте).
11-кесте. «Ағылшын тілі» пәнінің Үлгілік оқу жоспарына сәйкес
сыныптар бойынша көрсетілген тілдік деңгейлер деңгейі: