Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында


«ТІЛ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ» БІЛІМ САЛАСЫ



Pdf көрінісі
бет96/369
Дата07.01.2022
өлшемі4,54 Mb.
#20509
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   369
«ТІЛ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ» БІЛІМ САЛАСЫ 
 
«Тіл және әдебиет» білім саласында «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті», «Қазақ 
тілі мен әдебиеті», «Орыс тілі», «Орыс әдебиеті», «Орыс тілі мен әдебиеті», «Ана 
тілі», «Ұйғыр/Өзбек/Тәжік әдебиеті» «Шетел тілі» пәндері оқытылады.  
 
 
 


87 
 
«Қазақ тілі» оқу пәні  
«Қазақ тілі» пәнінің оқу бағдарламасы функционалдық-коммуникативтік 
бағытқа  негізделіп  құрастырылды.  Ол  оқушылардың  тіл  туралы  түсініктерін 
тереңдетіп,  ұлттық  мәдениет  пен  әлемдік  мәдениеттің  маңыздылығы  туралы 
түсініктерін кеңейтеді.  
Республиканың  жалпы  білім  беретін  мектептеріндегі  оқу  процесі  Білім 
және  ғылым  министрінің  2012  жылғы  8  қарашадағы  №  500  бұйрығымен 
бекітілген  Үлгілік  оқу  жоспарларымен  (2021  жылғы  26  наурыздағы  №  125 
бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) жүзеге асырылады. 
«Қазақ тілі» пәнінен
 
5-9-сыныптардың  оқу  процесі  ҚР  БҒМ  2013  жылғы  
3  сәуірдегі  №  115  бұйрығына  өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу  туралы»  
ҚР БҒМ міндетін атқарушының 2017 жылғы 25 қазандағы № 545 бұйрығымен 
(ҚР  Әділет  министрлігінде  2017  жылы  13  қарашада  №  15982  тіркелген) 
бекітілген «Негізгі орта білім беру деңгейінің «Қазақ тілі» пәнінен жаңартылған 
мазмұндағы  үлгілік  оқу  бағдарламасымен  және  ҚР  БҒМ  2017  жылғы  
27 шілдедегі № 352 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» ҚР БҒМ 2019 жылғы  
7  наурыздағы  №105  бұйрығымен  (Қазақстан  Республикасының  Әділет 
министрлігінде  2019  жылғы  12  наурызда  №  18382  болып  тіркелді)  бекітілген 
Ұзақ мерзімді жоспар негізінде жүзеге асырылады.  
 
 
Негізгі  орта  білім  берудің  үлгілік  оқу  жоспарын  (төмендетілген  оқу 
жүктемесімен)  таңдаған  білім  беру  ұйымдарындағы  оқу  процесі  «Қазақстан 
Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер 
мен  толықтырулар  енгізу  туралы  ҚР  БҒМ  2020  жылғы  27  қарашадағы  
№  496  бұйрығымен  бекітілген  Негізгі  орта  білім  беру  деңгейінің  7-сыныбына 
арналған  «Қазақ  тілі»  пәнінен  оқу  жүктемесі  төмендетілген  үлгілік  оқу 
бағдарламасымен (оқыту қазақ тілінде) жүзеге асырылады. 
 
 
 
Үлгілік  оқу  жоспарының  түріне  байланысты  негізгі  орта  білім  беру 
деңгейінде  «Қазақ  тілі»  пәнін  оқытуға  бөлінген  апталық  оқу  жүктемесінің 
көлемі әртүрлі (27-сурет). 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет