138
бәсеке жаттығуларына балалар мұқият дайындықпен келуі керек, әйпесе,
олардың денсаулығына зиян келуі мүмкін. Бұл әдіс кӛбіне бұрын меңгерілген
қимыл-қозғалыс дағдыларында пайдаланылады (бірақ бірінші орын үшін
тартыс болмайды). Жарыстың міндетті түрдегі шарты - оның балалар
шамасына шақталуы, моральдық-еріктік қасиеттерді тәрбиелеу, сондай-ақ
қойылатын талапқа саналы қарау. Жаттығулар мазмұнын, балалардың жас
мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбиеші бір жағдайда
үйретудің бастапқы кезінде кӛрнекілікті - баланың қимыл-қозғалыс үлгісін
түсіндірумен үйлестіре қабылдауын, екінші жағдайда - сӛзді, жаттығулардың
мазмұны мен құрылымын түсіндіруді пайдаланады. Дегенмен, екінші жағдайда
педагог балаларда бұрыннан бар ӛмір тәжірибесіне және қимыл-қозғалыс
туралы нақты мағұлматына сүйенеді. Кӛрнекілік және сӛйлесу әдістерінің ізін
баса
балалардың
практикалық
әрекеттері
-
қимыл-қозғалыстарды
тәрбиешілердің жетекшілігімен, ӛз беттерімен орындауы керек.
Балалардың дене тәрбиесі процесінде
проблемалық оқыту және тәрбие
Достарыңызбен бөлісу: