Дєріс тезистері


Талапты  біртіндеп  кӛтеру  принципі



Pdf көрінісі
бет112/294
Дата07.01.2022
өлшемі2,95 Mb.
#20622
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   294
Байланысты:
дене тәрбиесінің оқыту әд

Талапты  біртіндеп  кӛтеру  принципі.  Бұл  принциптің  негізгі  шарттарының 
мәні  –  бала  алдына  барған  сайын  қиын  тапсырмалар  қойылуында,  мұны  оның 
орындауында  және  ауыртпалық  кӛлемі  мен  қарқынын  бірте-бірте  арттырып 
отыруда.  Алуан  түрлі,  ӛмір  үшін  маңызды  іскерліктер  мен  дағдыларға 
орындайтын  жаттығуларды  жаңартып,  ӛзгертіп  отырғанда  ғана  қол  жеткізуге 
болады.  Жаттығуларды  жаңарту  процесінде  қимыл-қозғалыстың  іскерліктер 
мен дағдылар кӛлемі кеңейеді және байи түседі, бұл баланың қимыл-қозғалыс 
әрекеттерінің  жаңа  формаларын  игеруге,  бұрын  меңгергендерін  жетілдіре 
түсуге  кӛмектеседі.  Баланың  әртүрлі  қимыл-қозғалыс  үйлесімдерін  және 
қиыншылықтарды  жеңуді  бірте-бірте  игеруі  кезінде  онда  бүкіл  қимыл-
қозғалыстық  іс-әрекеттерді  үйлестіру  және  жетілдіру  қабілетінің  ӛзі  дамиды. 
Қимыл-қозғалыстық  іс-әрекет  формаларын  күрделендіру  мен  бір  мезгілде 
баланың  әлі  келерліктей  жүк  түсіруді  бірте-бірте  ӛсіру  қажет.  Бұл  дене 
қасиеттері  балаға  шақталған  күшті,  тӛзімділікті,  жылдамдықты  дамыту 
заңдылығымен  сабақтас  болады.  Ағзада  дене  жаттығуларының  әсерімен  ӛтіп 
жататын  игі  ӛзгерістердің  дәрежесі  ауыртпалық  кӛлемі  мен  қарқынына  сәйкес 


 
135 
келеді.  Зерттеулер  егер  осы  ауыртпалық  шамадан  тыс  болмаса  және 
шаршатпайтын  болса,  онда  кӛлем  артқан  сайын  икемделе  түсудің  күштірек 
болатынын, ал ауыртпалық қарқынды болған сайын қалыпқа келтіру процестері 
күшейетіндігін кӛрсетті. Ауыртпалық шамасының бірегей болуына қарамастан 
ағзаның  жауап  реакцияларының  ӛзгеріп  отыратындығын  атап  кӛрсету  керек: 
белгілі  бір  ауыртпалыққа  бірте-бірте  икемделу  одан  туатын  биологиялық 
ілгерілеушіліктерді  азайтады,  энергия  жұмсау  тӛмендейді,  ӛкпенің  жел  үруі, 
жүректің  минуттық  кӛлемі,  оның  жиырылу  жиілігі  және  қан  қысымы,  қан 
құрамындағы биохимиялық және морфологиялық ілгерілеушіліктер азая түседі. 
Ӛзгермейтін 
жұмысқа 
икемделу 
нәтижесінде 
ағзаның 
ӛсе 
түскен 
функционалдық  мүмкіндіктерін,  оған  сол  жұмыстың  ӛзін  әлдеқайда  үнемді, 
функцияларға  кӛп  күш  түсірмей  атқарып  шығуға  мүмкіндік  береді. 
Ауыртпалыққа  икемденудің  биологиялық  мәні  міне,  осында.  Бірақ  бұл 
ауыртпалық  әдетке  айналса,  онда  ол  ағзадағы  игі  ӛзгерістер  факторы  болудан 
қалды.  Бұдан  былай  да  функционалдық  мүмкіндіктерді  арттыра  түсу  үшін 
ауыртпалықты  жүйелі  түрде  жаңартып  отыру,  олардың  кӛлемі  мен 
қарқындылығын  ӛсіріп  отыру  керек.  Дене  тәрбиесі  процесінің  негізгі  бір 
заңдылығының  мәні  міне,  осында.  Талапты  арттыру  онымен  байланысты 
ауыртпалық  баланың  шамасы  келерліктей  болып,  ағзаның  функционалдық 
мүмкіндіктерінен  аспайтындай  (жас  және  индивидуалдық  ерекшеліктерге  сай) 
болғанда  ғана  жақсы  нәтижелерге  жеткізеді.  Жүйелілік,  үздіксіздік  және 
жұмысты  демалыспен  кезектестіру  де  міндетті  шарт  болып  табылады.  Жаңа, 
неғұрлым  күрделі  жаттығуларға  кӛшу  бірте-бірте,  қалыптасып  келе  жатқан 
дағдылардың  нығаюына  және  ауыртпалыққа  икемделуге  қарай  ӛту  керек. 
Машықтанудың  жаңа  жоғары  деңгейіне  жетуге  мүмкіндік  туғызатын 
икемделудің  болып  ӛтуі  үшін  белгілі  уақыт  талап  етіледі.  Қаралған 
қағидалардың бәрі ӛз мазмұны жӛнінен ӛзара кірігіп және ішінара сәйкес келіп 
жатады.  Олардың  бәрі  біртұтас  болып  табылатын  бір  процестің  белгілі  бір 
жақтары  мен  заңдылықтарын  кӛрсетеді  және  шартты  түрде  ғана  жеке-жеке 
алып  қарастырылады.  Сондықтан  аталып  ӛткен  қағидалардың  бәрі  олар  ӛзара 
байланысатын жағдайда ғана жүзеге аса алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет