Дєріс тезистері


Тәрбиенің  жеке  тұлғалық  және  қоғамдық  бағыттарының  бірлігі



Pdf көрінісі
бет129/294
Дата07.01.2022
өлшемі2,95 Mb.
#20622
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   294
Байланысты:
дене тәрбиесінің оқыту әд

Тәрбиенің  жеке  тұлғалық  және  қоғамдық  бағыттарының  бірлігі 
принципі.  Озат  ойлы  педагогтер  тәрбиені  «ӛсиет  пен  ӛнеге,  сендіру  және 


 
150 
зорлау  жәрдемімен  адамдарды  нәзік  шақтан  іс-әрекетке  қосып,  игерілген 
ережелерді тұрмыста қолдануға үйретуші қоғамдық құрылым» (Г. Сент-Джон) 
ретінде  таныған.  Әр  дәуірде  бұл  принцип  мәні  ауысып  отырған:  бірде  жеке 
тұлғалық  бағыт  басымдау  болып,  кейде  қоғамдық,  мемлекеттік  бағыттар 
жетекшілік  еткен.  Алайда,  тәрбиенің  басты  міндеті  -  адамды  белсенді 
қоғамдық  әрі  рақат  жеке  ӛмірге  дайындау  -  қай  заманда  да  сақталып  қала 
береді.  Бұл  принцип  бойынша  педагогтің  барша  қызметі  ӛсіп  келе  жатқан 
әулет тәрбиесін мемлекеттің тәрбиелік стратегиясына сәйкес орындауға және 
әлеуметтік  үйлесімге  келген  тұлғаны  қалыптастыруға  бағытталуы  тиіс. 
Мемлекет  қызметіндегі  тұлға  ретінде  тәрбиеші  тәрбие  саласындағы 
мемлекеттік  тапсырысты  орындайды.  Егер  мемлекет  және  қоғам  мүдделері 
сәйкес  келсе,  азаматтардың  жеке  мүдделерімен  үйлесімді болса,  онда  тәрбие 
принциптері  де  тәрбие  мақсаттары  мен  міндеттерінің  саласында  ӛзіне  тиісті 
орын  алады.  Ал  бұл  жағдай  керісінше  болса,  принцип  іске  аспай  қалады, 
себебі тәрбиешінің тәрбие істері қорына толыққанды тәрбие үшін қажет нақты 
деректер  түспейді.  Бұл  принципті  іске  асыру  барысында  әсіре  ұрандаудан, 
желікпе үндеулерден, бӛспе сӛзділіктен аулақ болған абзал, себебі тәрбие ең 
алдымен  құнды  әрекет-қылық  және  қарым-қатынас  тәжірибесін  жинақтауға 
мүмкіндік  беретін  пайдалы  іс-әрекет,  қызмет  процесінде  жүзеге  асады. 
Алайда, оқушы араласқан нақты іс-әрекет (ойын, еңбек, қоғамдық істер, оқу, 
спорттық және т.б.) тәрбиелік мәнге ие болуы үшін, оның субъектісі - балада 
сол әрекетке деген қоғамдық құнды сеп-түрткілерді қалыптастыру қажет. Егер 
олар жоғары ізгілікті, қоғамдық мән-мағынасымен елеулі болып келсе, әрекет-
қылықтар  нәтижесінде  орындалатын  қызмет  те  үлкен  тәрбиелік  ықпалға  ие 
болады.  Әр  тұлғаның  әлеуметтік  сапаларын  орнықтыруда  оқушылардың 
қоғамдық  пайдалы  еңбегі  олардың  мақсатты  бағытталған  сана-сезімін 
қалыптастыру  істерімен  ұштасуы  қажет.  Баланы  қандай  да  іс-әрекетке 
ойыстыруға  қолданылған  сӛз,  ауызекі  нұсқау,  нақты  тұрмыстық  пайдалы 
қызмет пен ұнамды әлеуметтік тәжірибеде ӛз шешімін табуы тиіс.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет