Тұлғалық бағыт принципі. Тәрбие процесінде тұлғалық бағыт принципі
тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктері мен даралығын, әсіресе, жалпы және
жеке адами қасиет-сапалары мен мүмкіндіктерін ескеру негізінде іске
асырылады. Адами қасиет сапалар мәні: тұлғаның ӛмірлік бағыт-бағдары,
тіршілік жоспары, құндылықты бағамдары, қалыптасқан жандүниелік
ұстамдары, іс-әрекеті мен мінезіндегі басымды сеп-түрткілер. Тұлғаның осы
аталған жетекші сапаларынан бӛлектене қарастырылатын жас не даралық
ерекшеліктер (мінез, темперамент, ерік және т.б.) жоғары дәрежелі кісілік
қадір-қасиеттерді қалыптастыруға бағышталған тәрбиені қамтамасыз ете
алмайды, жас деңгейін, даралық ерекшеліктерді білу маңызды, солай да болса,
жоғарыда аталған сапалардың жетекшілік рӛлін тану ғана баланың жас
мүмкіндіктері мен жеке ептіліктерін дұрыс пайдаланудың кӛзін ашады.
Тұлғалық бағыт принципінің тәрбиеші алдына қоятын талаптары:
1) тәрбиеленушілердің
жеке темпераменттік ерекшеліктерін, мінез
бітістерін, кӛзқарастарын, талғамдарын, әдеттерін үздіксіз зерттеп, жете
білу; 2) тәрбие процесін диагностикалаумен бірге баланың ойлау
қабілеті, сеп-түрткілер, ұстанымдары, ӛмірлік бағыты, ӛмір мен еңбекке
деген кӛзқарасы, құндылықты бағамдары, тіршілік жоспарлары секілді
тұлғалық сапалардың нақты қалыптасу деңгейін түбегейлі тану; 3) әр
оқушыны тұлғаның ілгерілей дамуын қамтамасыз етуші күш-қуатына
сәйкес әрі біртіндеп күрделеніп баратын тәрбиелік істерге ұдайы
қатыстырып бару; 4) мақсатты іске асыруға кедергі болар себептерді ӛз
уақытында анықтау әрі аластау, ал егер бұл мүмкін болмаса, жаңа
жағдайлар мен шарттарға тәуелді тәрбие бағытына дер мезетінде
ӛзгерістер енгізу; 5) барынша тұлғаның ӛз белсенділігін арқау ету;
6) тәрбиені тұлғаның ӛзіндік тәрбиесімен ұштастыру, оқушыға ӛзіндік
тәрбие мақсаттарын, әдістері мен формаларын таңдауға жәрдем беру;
7) оқушыда дербестік, ынталылық, ӛзіндік іс-әрекет қабілеттерін
дамыту, тек басшылықпен шектелмей, табысқа жеткізер іс-әрекеттерді
ұтымды ұйымдастыру және бағыттай білу.
Осы талаптардың бірлікті орындалуы бұрыннан танымал жас ерекшеліктері
мен даралық ескеру принциптерінің қарабайырлығын жояды, тәрбиешіні
процестің үстірт белгілеріне шегеленбей, тереңде жатқан мән-мағыналық
байланыстарға назар аударуға бағыттайды, осы процесте кӛрінетін тәрбие
заңдылықтары мен себеп-салдарлы қатынастарды тануға жетекшілік етеді.