Ойын - оқыту әдісі. Оқыту мақсатында қолданылатын ойындардың түрлері
кӛп. Ойын - қанағат алу үшін жасалатын іс-әрекет. Ол мектеп жасына дейінгі
балалардың іс-әрекетінің негізгі түрі, ал оқушылар мен ересектер ойынды
сабақтан және жұмыстан қолы бос кездерінде ойнайды. Бірақ оқуда да,
еңбекте де ойын элементтерін қолдануға болады. Ойын туралы кӛптеген
теориялар бар. Солардың бірін алғаш рет жасаған Ф.Врубель. Ол ойын
арқылы бала ӛзін-ӛзі кӛрсеткісі келеді дейді. М.Лазарус жұмыстан кейін
демалу теориясын, Г.Спенсер ойын арқылы денедегі артық энергияны
шығару, К.Крус тіршілік үшін күреске әзірлеу ойындарының, С.Л.Рубинштейн
еңбекке дайындайтын ойындарының теорияларын жасады. Ойын туралы
қазіргі кӛзқарастар оның кӛптеген қызметін анықтап отыр. Ол баланың
қажеттіліктерін, қызығушылықтарын қанағаттандырып, оның ӛмірге
бейімделуін жеңілдетеді (Д.Б.Эльконин), болмысты тануға кӛмектеседі. Ойын
арқылы бала білім алады, тәрбиеленеді, қоғамды құрметтеуге үйренеді,
ынтымақтасып жұмыс істеуге дағдыланып, ұтылуға емес, ұтуға тырысады.
Оқушылар ертегілерді, аңыздарды, әдеби шығармаларды, ӛмірден алынған
оқиғаларды сахнаға лайықтап қойып, ӛздері түрлі рӛлдерде ойнайды.
162
Мұғалімдер кӛптеген танымдық ойындар ӛткізеді. Алуан түрлі ребустар,
сӛзжұмбақтар, құпияхаттар, сӛзтуымдар, логикалық есептер білім береді және
оқушыларды ынталандырады. Математикада "Кім жылдам", "Ең үздік
есепші", "Хоккей" ойындары тез санауға үйретеді. "Бағдаршам", "Дым
білмес"ойындары арқылы жол жүру ережелері қайталанады. Ал
"ғарышкерлер" ойыны ғылым жетістіктерімен, "Футбол", "Хоккей" ойындары
еліміздің спорт шеберлерінің жетістіктерімен таныстырады. "Ағашты кім тез
отырғызады" ойыны табиғатты күтіп ұстауға тәрбиелейді. Іскерлік ойындар
ойнағанда бала нақты оқиғалардың куәгері болып еңбек етуге отбасылық
ӛмірге, қоғамдық қатынастарға әзірленеді.
Идеялар банкі. Бұл әдіс ой майданы деп аталады. Топтың алдына бір
міндет қойылады, осы міндетті шешу үшін топ мүмкіндігінше жаңа, тың
ұсыныстар айту керек. Барлық ұсыныстарды топ жинап алып, оларға баға
береді. Бұл әдіс арқылы проблемалық жағдаят жасалып, оны шешу туралы
ұсыныстар айтылып, ол ұсыныстар тексеріліп, бағаланады және ең жақсы
ұсыныстар таңдалып алынады. Ой майданы әдісін 1939 жылы А.Ф.Осборн
бірінші рет қолданған. Ол балаларға ұнаған, себебі олар ӛздеріне қызықты
мәселелерді шешіп отырған. Ой майданының ұзақтығы 1-2 сағатқа созылған.
Бұл әдіс арқылы ӛткен сабақтың нәтижелі болуы мұғалімнің біліктілігіне,
топтың даму деңгейіне байланысты. Топта он адам болғаны жақсы, бірақ топ
мүшелерінің санын кӛбейтуге болады. Бұл әдіс арқылы педагогикалық
бӛлімнің студенттері шағын топтарға бӛлініп, мектеп оқулығынан бір
тақырыпқа әзірленіп 5-20 минут сабақ береді, содан кейін сабақ талқыланады,
бағаланады, оны келесіде жақсы ӛткізу жолдары белгіленеді. Сабақты түгел
бейне жазбаға жазу оны талдауды жеңілдетеді. Бұл әдіс мұғалімдік жұмысқа
дағдыландырады. Оны шет тілін оқытуда пайдалануға болады.
Оқыту әдістерін жетілдіру бүгінгі күннің басты мәселесі болып отыр.
Оқыту әдістерінің тиімділігін арттырып, оқытудың жаңа нысандары мен
тәсілдерін меңгеру қажеттігіне педагогикалық зерттеулерде айрықша маңыз
беріледі. Алайда, оқыту әдісін таңдау - күрделі процестің бірі. Кейбір
әдістерді қолдануда біржақты асыра сілтеушілікке жол бермеу керек. Әр
тақырып оқытудың ерекше тәсілдері мен жолдарын талап етеді. Соңдықтан,
оқытуда әртүрлі әдістерді қолдану қажет. Сабақтың тақырыбы мен мақсатына,
оқу материалының мазмұны мен кӛлеміне, балалардың жас ерекшелігіне,
дайындығына, қабылдауына, сабақтың құрылысы мен оқу әдісін ұдайы
толықтырып отыруды мектепке дейінгі ұйым педагогы ӛзі белгілеп, таңдап
алады. Жоғарыда сипатталған әдістердің басым кӛпшілігі мектептерде
қолдануға ұсынылған. Бірақ, бүгінгі таңдағы мектепке дейінгі балалар
дамуындағы акцелерацияны есепке алсақ, кӛрсетіліген әдістерді мектепке
дейінгі оқу іс-әрекетінде жас ерекшеліктеріне сәйкестеп қолдануға әбден
болады. Бұл жастағы балаларға үйреншікті ойын, сӛздік, тәжірибелік, т.б.
әдістерді қолдану бала дамуына белгілі дәрежеде әсер етіп, оның ойын
баласынан, тұлғаға айналуына кедергі келтіруі әбден мүмкін. Бүгінгі
жаһандану дәуіріндегі ӛзгерістер, әлемдік білім кеңістігіне қосылу қажеттілігі
мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуда түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып кӛруді
163
қажет етеді. Бұл бір жағынан мектепке дейінгі ұйым педагогына үлкен міндет,
жауапкершілік жүктейді. Біз алуан түрлі әдісті ретіне қарай оқу іс-әрекетінде
қолдана отырып мектепке дейінгі бала дамуының жарқын болашағына жол
ашатынымызды естен шығармауымыз керек. Жоғарыда келтірілген әдістер
жалпы түсіндірмелі сипатта берілді. Әр әдістің қолдану жолдары айтылды. Ол
әдістерді мектепке дейінгі дене шынықтыруда қолдануға болады. Сондықтан
аталған әдістерді мектеп жасына лайықтап қолдану тәрбиешінің асқан
шеберлігін керек етеді.
Оқыту әдісін таңдауға ықпал ететін шарттар:
1.Оқыту әдістерін оның мақсат-міндеттеріне, жас және таным әрекетінің
ерекшеліктеріне сай қолдану;
2.Ұйымның материалдық - техникалық негізін ескеру;
3.Ұйымның орналасқан жерін ескеру. Мысалы, қалада ӛндіріс орындарына
экскурсияға, ауылда учаскелерге, табиғатқа, ауылшаруашылық ӛндірісіне
апару;
4.Педагогтың шығармашылығы және шеберлігі. Оқытудың нәтижелі ӛтуіне
негіз болатын сабақ мақсатының айқындығы. Себебі оқу материалын
баяндауда негізгі идеясын немесе балалардың іс-әрекетін анықтап алмай,
оқыту мақсатына жету мүмкін емес.
Достарыңызбен бөлісу: |