Шығыршықты коньки. Ж а л п ы с и п а т т а м а . Бұл конькиді кӛктемде
және жазда қолданады. Олар балалардың қыста игерген дағдыларын нығайтуға
кӛмектеседі. Y й р е т у ә д і с т е м е с і . Балаларды шығыршықты конькимен
жүруге, бұрылуға, тежеуге, тоқтауға, сондай-ақ ботинканы кие білуге және
оларды күтіп ұстауға үйретеді. Үйрету кезінде түсіндіру әдісі, сондай-ақ
тәрбиешінің, жолдастардың кӛмегі пайдаланылады. Тапсырма бірте-бірте
күрделілене түседі. 3-4 жастан бастап демалыс күндері, балабақшадан тыс
уақытта арнайы бағдарламасыз ересектер бақылауымен шығыршықты конькиді
үйретуге болады. Оның екі, тӛрт (қатар орналасқан екі жұп) дӛңгелекті түрлері
бар. Балалардың ептілігіне, икеміне қарай екі түрін де пайдалануға болады. Қай
уақытта да қауіпсіздік ережелерін, сақтық шараларын естен шығармау керек.
Шана. Шанамен сырғанау, әртүрлі қимылдарды (жүру, жүгіру т. б.) ӛзіне қамти
отырып, бұлшық еттердің негізгі топтарын нығайтуға, жүрек-қан тамыр, тыныс
алу жүйелерін дамытуға, зат алмасуды күшейтуге, шынығуға кӛмектеседі.
Оның үстіне балалардың дене, ерік-жігер қасиеті, сондай-ақ жағымды
эмоциялары дамиды. Y й р е т у ә д і с т е м е с і . Балаларды бірін-бірі шанаға
мінгізіп сырғанауға, шананың жанында әртүрлі жаттығуларды орындауға,
шананы жотаға алып шығуға, әртүрлі қалыпта (отырып, етпеттеп жатып,
түрегеп тұрып) және қосымша тапсырмаларды орындап шанамен тӛмен қарай
сырғанауға үйретіледі. Бұған қоса балаларды тӛбешіктерді жасауға тартып,
тӛбешіктерді (баспалдақтарды кардан тазартып) және шаналарын (сырғанап
болғаннан кейін қардан тазартып, орнына қоюға) жӛндеп, күтуге үйретеді. Сәби
жастағы балаларды шанамен ересектер сырғанатады. Балалар 3 жасында
шаналарына қуыршақтарын отырғызып, қар салып, жіппен сүйреп жүреді.
Неғұрлым ересек жасында балалар тура жолмен, шеңбермен айналдырып,
бұралаң жолмен бірін-бірі сырғанатады және әртүрлі тапсырмаларды
орындайды. Жотадан тӛмен карай сырғанау кезінде балалар (жарақаттанып
қалмау үшін) белгіленген ережені орындауы керек (алда кеткен бала
сырғанақты шетіне жеткенше асықпай күтуі, сырғанақка шалқасынан жатпауы,
т. б.). Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламаларында (Астана, 2009)
дене шынықтыру мазмұны бойынша спорттық жаттығулар бӛлімінде 3-4
жастағылар үшін шанамен сырғанаудабиік емес тӛбешіктерден сырғанау, бір-
239
бірін сырғанату;4-5 жастағыларға тӛбешіктен сырғанау, бірін-бірі сырғанату,
шанамен тӛбешікке кӛтеру, тӛмен түсіп келе жатып тежеу; 5-6 жас үшін
тӛбешіктен бір-бірлеп және екі-екіден шанамен сырғанау, шанамен тӛбешікке
кӛтерілу, тӛмен түсіп келе жатып тежеу, бірін-бірі сырғанату сияқты үлгі
тапсырмалары ұсынылған.