241
шығара етпеттеп кроль әдісімен жүзу, шалқалап кроль әдісімен жүзу. Балалар
жүзуді біршама тез игереді. Оларда ересектерге қарағанда, тері асты май қабаты
кӛбірек дамыған, осының арқасында олар суда жақсы қалқиды. Бірақ мектеп
жасына дейінгі балалар мекемелерінде жүзуге үйретуді ұйымдастыру қиын,
сондықтан тәрбиешілер жүзуге дайындауды ғана жүзеге асырады. Сонымен
бірге ӛз балаларын кӛрсетілген әдістерге үйрете алатын ата-аналармен жұмыс
жүргізіледі. Балаларды жүзуге үйрету балаларды суға, суда жүзуге және (жерде
және суда) дайындық жаттығуларын орындауға үйретуден басталады. Балалар
жерде қолдар мен аяқтардың қимыл үйлесімін игерген кезде, резина
ойыншыққа жел толтырып суға жіберуді пайдалана отырып, жердегі игерген
қимылдарды суда игеруге болады. Бұдан кейін балалар суда қалқып тұруға
және кӛмектесу арқылы жүзуге, ал одан соң ӛз бетінше жүзуге үйретіледі.
Ересек адам үйрету процесінде үнемі баланың кӛңіл күйін бақылап жүреді.
Бағдарламада 3-4 жастағылар үшін
суға кіру және шомылу, су ішінде ойнау; 4-
5 жастағыларға суға түсу және бату, судың ішінде ойнау, судың ішінде отырып
аяқты жоғары кӛтеріп, тӛмен түсіріп қимылдар жасау, судың түбінде (аяқты
кӛлденең жіберіп) қолды тіреп, алға, артқа жылжу, иекке, кӛзге дейін суға
батырып отыру, судан секіру, суға бетін батыру, суға басын батырып отыру, ӛз
еркімен жүзуге талпыну; 5-6 жаста судың таяз жерінде отырып және жатып
аяқпен қимыл жасау (жоғары, тӛмен), судың түбінде қолын алға, артқа сермеп
жүру (аяғын кӛлденеңінен созып), иекке, кӛзге дейін суға батырып отыру, суға
бетті түгел батырып, суға үрлеу, суға басын батырып отыру, хауыздың
қабырғасын екі аяқтап күшпен итеру жаттығуын жасау, арқамен және кеудемен
сырғанап, суға демін жіберу, баланың ӛзіне ыңғайлы кез келген тәсілімен жүзу,
гидроаэробика-ернеуде тұрып суда бұрылыс жасап секіру және басқа да жалпы
дамыту жаттығуларын жасау ұсынылған.
Тапсырмалар
1. Спорттық жаттығуларға жалпы сипаттама жасаңыз.
2. Шаңғы туралы түсінік, оны үйрету әдістемесі.
3. Коньки, шығыршықты коньки туралы түсінік, оны үйрету әдістемесі.
4. Шана туралы түсінік, оны үйрету әдістемесі.
5. Велосипед туралы түсінік, оны үйрету әдістемесі.
6. Самокат, спортроллер, әткеншек, тербелме, карусель туралы түсінік.
7. Жүзу туралы түсінік, оны үйрету әдістемесі.
Достарыңызбен бөлісу: