Тербелмелер, әткеншектер, карусельдер. Жаттығулардың бұл түрлері сезім
мүшелері аппаратын дамытады, қызбалықты бәсеңдетеді, бұлшық еттерді
нығайтады, дене қасиетін жетілдіреді, шапшаңдық тұрақтылығын, батылдықты
дамытады. Балабақшада тербелмелер, әткеншектер, карусельдер болуы қажет
және барлық балаларға оларды пайдалануды үйрету керек. Әуелі тербелу,
теңселу ережелерін балаларға жасап кӛрсету және түсіндіру, қажет болған
жағдайда тікелей кӛмектесу, ал одан кейін кӛбірек дербестік беру керек, бірақ
белгіленген ережелерді, қауіпсіздік шараларын, т.б. сақталуын бақылау қажет.
Жүзу-спорт түрі. Спорттық жүзуден жарыстар хауыздарда 50-1500 метрге, ал
табиғи суларда әртүрлі қашықтықта ӛткізіледі. Жүзудің түрлері: құлаштап,
шалқалап, брасс, батерфляй, қырындап, т.б. Жүзумен тұрақты шұғылданғанда
бұлшық еттер үйлесімді дамиды, жүйке жүйесі нығаяды, тыныс және қан
айналысы органдарының жұмысы жақсарып, зат алмасуы күшейеді. Жүзу
жүрек қан тамырлары мен жүйке жүйесінің, омыртқалардың сырқатына ем
ретінде де қолданылады. Алғашқы жүзу хауыздары Римде салынған. 1515
жылы жүзуден алғаш жарыс ұйымдастырылды. Қазан революциясынан кейін
1918 жылы жүзуден жарыс ұйымдастырылды. 1920 жылы Петербургте
жүзуден «Дельфин» қоғамы құрылды. Қазақстан жүзгіштері жүзу
жарыстарына 1946 жылдан қатысып келеді. 1948 жылы Алматыдағы
М.Горький паркінде республикада тұңғыш рет ашық хауыз, 1959 жылы
Қарағандыда жабық хауыз жасалды. Қазіргі таңда Қазақстанда жүзуге айрықша
кӛңіл бӛлінген. Спорт мектебінде, арнайы спорттық-сауықтыру кешендерінде,
білім беру, емдеу-сауықтыру мекемелерінде, моншаларда хауыздар жасалып
халық игілігі үшін қызмет атқаруда.