Дєріс тезистері



Pdf көрінісі
бет225/294
Дата07.01.2022
өлшемі2,95 Mb.
#20622
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   294
Байланысты:
дене тәрбиесінің оқыту әд

Күнделікті  есеп.  Тәрбиеші  балалардың  күнделікті  қатысуын,  олардың 
денсаулық  жағдайын  және  барлық  мәліметтерді  есеп  журналына  жазып 
отырады.  Сонымен  қатар,  тәрбиеші  қозғалыстарды  белгілі  бақылауға  алып 
қоймай дене шынықтыру сабағы, қимыл-қозғалыс ойындары, жеке, ӛз бетінше 
сабақтар және дене тәрбиесінің басқа да түрлерін жүргізу барысында олардың 
сандық  кӛрсеткіштерін  және  кейбір  техникалық  элементтердің  орындалу 
кемшілігін  анықтайды.  Бұл  мәліметтерді  жоғарыда  берілген  есепке  алу 
формаларына  жазу  керек.  Олар  қозғалыс  дағдыларының  даму  динамикасын 
және  қолданылып  жүрген  оқу  әдісінің  тиімділігін  белгілеп  береді.  Жұмыс 
барысында  тәрбиеші  жоспарланған  шаралардың  орындалуын  қадағалап 
отырады.  Егер  ӛткізуге  мүмкіндік  болмай  қалса,  онда  «Eскертулер»  бағанына 
не себептен орындалмағанын кӛрсету керек. Тәрбиешіге ӛзінің күнделігіне дене 
жаттығуларын  үйреткенде  ең  тиімді  нәтижелерді,  балалармен  оқу-тәрбие 
жұмысы  барысында  туындайтын  сұрақтарды  жазып  отыру  да  қажет,  ӛйткені 
оларға  жауап  тауып,  ӛзінің  білімін  кеңейте  тереңдетіп,  педагогикалық 
шеберлігін  одан  әрі  ұштай  түсу  үшін  маңызды.  Күнделікті  берілген  есептің 
талдауы  балалармен  жүргізілетін  сабақтың  әдістемесін  пысықтауға  және  біраз 
тәжірибе жинақтауға мүмкіндік береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет