Балалардың жұмысын зерттеу. Балалардың жазба, бақылау және графикалық
жұмыстары, суреттері, пәндер бойынша дәптерлері ( әртүрлі тақырыптарға
жазылған баяндамалар, мәнжазбалар, еңбек сабақтарында жасаған заттары)
зерттеушіні кейбір қажетті мәліметтермен қаруландырады. Балалардың дербес
қабілетін, оқуға және еңбекке кӛзқарасын, тәжірибелік даярлығын,
тәрбиешілердің де іс-әрекетін зерттеп анықтауға болады. Балалардың ӛз бетімен
жұмыс істеуінің жаппай және дербес орындайтын жұмыстарын ұштастырып
жүргізудің және осы сияқты дидактикалық мәселелерді қолданудың тиімді
жолдарын іздестіреді.