Дєріс тезистері



Pdf көрінісі
бет92/294
Дата07.01.2022
өлшемі2,95 Mb.
#20622
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   294
Байланысты:
дене тәрбиесінің оқыту әд

Онтогенез  -  бұл  организмнің  пайда  болғаннан  ӛмірден  ӛткенге  дейінгі 
жеке даму процессі. 
Пре-перинаталдық онтогенез– бұл ұрықтанғаннан туғанға дейінгі,  туудан 
ӛмірінің  бірінші  күніне  дейінгі  ӛмір  (даму).  Перинатология-жүктіліктің  28-
аптасынан (ұрықтың салмағы 1000 г) бастап туғаннан кейінгі алғашқы 7 күнді 
қосқандағы  аралықты  оқып  білуге  арналған  медицинаның  бір  саласы  
Перинатология атауы үш сӛзден шыққан:   peri (греч)-айнала, жанында;  natus 
(лат)- туу;  logos (лат)-ілім, ғылым.  
  
Адам  ӛмірін  анте,  интра,  постнаталдық  кезеңдерге  бӛлу  белгілі  неміс 
акушері  Э.Залинг  есімімен  байланысты.  Ол  перинаталдық  аурулар  мен  ӛлімді 
тӛмендету үшін адам ӛмірінің перинаталдық кезеңін әртүрлі мамандарды тарту 
арқылы  мұқият  зерттеуді  ұсынды.  Бұл  1950-1970  жылдардағы  Еуропадағы 
туудың  тӛмендеуі  мен  перинаталдық  және  балалық  кезеңдегі  ӛлімнің  жоғары 
кӛрсеткішіне орай кӛтерілді.  Залингтің идеясын кӛптеген оқымысты ғалымдар 
қолдап,  1976  жылы  перинатологтардың  Еуропалық  ғылыми  қоғамы  құрылды. 
Осылайша  перинатология  әлемге  кең  қанатын  жайды.    Ресейде 


 
97 
перинатологияның  негізін  салушылар  Н.Л.  Гармашева  (Санкт-Петербург), 
Л.С.Персианинов  (Мәскеу)  және  олардың  шәкірттері  мен  ізбасарлары 
Н.Н.Константинова, 
Г.М.Савельева, 
И.В.Ильин, 
В.М.Сидельникова, 
А.Н.Стрижаков,  А.П.Клрющенков,  М.В.Федорова  т.б.  болды.  Перинаталдық 
кезеңмен бірге перинаталдық психология термині  жиі қолданылады. Пре- және 
перинаталдық психологияны құрудың инициаторы доктор Густав Ханс Грабер 
(Dr.  phil.  Gustav  Hans  Graber),  1971  жылы  Венада  перинаталдық  психология 
бойынша  халықаралық  зерттеу  тобын  құрды.    1986  жылы  Бадгайстенде 
(Австрия)  бірінші  перинаталдық  психологияның  ықпалы  девизімен  бірінші 
Халықаралық  конгресс  болды.  Келесі  конгрестер  әрбір  үш  жылда  ӛтіп  тұрды. 
1989  жылдан  перинаталдық  және  пренаталдық  психология  және  медицина  
туралы  халықаралық  журнал  жылына  тӛрт  рет  ағылшын,  неміс  тілдерінде 
шығарылады.  Ресейде  бірінші  перинаталдық  психология  және  медицина 
Ассоциациясы  1994  жылы  Иванова  қаласында  тіркелді.  2004  жылдан 
«Перинатальная 
психология 
и 
психология 
родительства» 
журналы 
шығарылады.  Перинаталдық  психология  бойыншы  Ресейдің  психологиялық 
қоғамының арнайы сайты бар. 
Перинаталдық кезең - жүктіліктің 22 (154 күн) аптасынан (ұрық салмағы 
500  г.  болған  кез)  –туғаннан  кейінгі  7  күн  (168  сағат)  аралығы.  ВОЗ  жіктеуі 
бойынша  кейбір  елдерде  перинаталдық  кезеңді  жүктіліктің  22  аптасынан 
бастайды  (ұрықтың  салмағы  500  г).  Антенаталдық  –  туу  әрекеті  басталғанға 
дейін, интранаталдық – толғақ басталғаннан туғанға дейін, постнаталдық (ерте 
неонаталдық) – туғаннан оның ӛмірінің 168 сағатына дейін, кеш неонаталдық – 
8 -28 күн деп есептелінеді. 
Барлық  ересек  адам  ӛмірдің  бала  жарық  дүниеге  келгенен  бастап  емес, 
одан кӛп бұрын басталатынын біледі. 
Ежелгі  Қытайда  мынадай  дәстүр  болған:  Әйелдің  аяғы  ауырлаған  
алғашқы  күнінде  баланың  әкесі  болашақ  баласымен  танысуға  салтанатты 
дайындалған.  Ол  ӛзі,  ӛмірі,  жоспарлары,  баласы,  мамандығы,  ӛмірге  деген 
кӛзқарасы  туралы    іштегі  баласымен  әңгімелескен.  Егер  осы  әңгімеден  кейін 
бала ана құрсағында дамып, жалғасып жатса, онда баланың әкесін қабылдағаны 
деп  түсінілген.  Егер    жүктілік  үзілетін  болса,  баланың  ата-анасын 
қабылдамағаны  деп  саналған.  Бұдан  құрсақтағы  алғашқы  ұрықтану  кезеңінің 
ӛзінде  бала  дамуына  зор  кӛңіл  бӛлу  қажеттігі  байқалады.  Адамның  дамуы, 
ӛмірге келуі, ӛмір сүруі барысында болып жатқан кӛптеген жайсыз жағдайлар 
(бала  ӛлімінің  кӛптігі,  бедеулік,  жарымжан  балалардың  ӛмірге  келуі,  туудың 
азаюы,  әйелдер  денсаулығының  тӛмендеуі,  ажырасу,  тастанды  балалар  т.б.), 
елдегі демографиялық ахуал  аталған кемшіліктердің алдын алу  жолын іздеуге  
міндеттеді.  Осыған  орай  Қазақстанда  да  перинаталдық  орталықтар  жұмыс 
жасап, жатырдағы ұрықтың қалыпты дамуы, жүктіліктің сәтті ӛтуі, ӛмірге дені 
сау ұрпақ әкелу жолында еңбек етуде. Оның дәлелі Астана, Алматы және облыс 
орталықтарында  ашылған  перинаталдық  орталықтар.  Жоғарыда  мысалға 
келтірілген Қытай аңызы кӛңілге сенімсіздік әкелсе де, оның артында шындық 
жатқанын ақғаруға болады. Тіпті, ӛсімдіктің ӛзі баптап күткенді, аялы алақанды 
сезіп,  жайқалып  ӛседі.  Олай  болса,  әйел  организмінде  ұрықтың  негізі 


 
98 
қаланғаннан бастап  бала кәмелеттік жасқа жеткенге дейінгі күтім, ақыл-кеңес, 
тәрбие  мен  білім  бала  дамуының  ең  басты  шарттарының  бірі  болатындығы 
даусыз.  
 
Қазақстанда бұл салада атқарылып жатқан жұмыстар баршылық. Аталған 
кезеңдегі    даму  үшін  арнайы  мамандар,  перинаталдық  орталықтар,  кеңес  беру 
орталықтары, тренингтік орталықтар  т.б. жұмыс жасауда. Оларда тӛмендегідей 
жұмыс түрлері ұсынылған: 
  Отбасымен әңгіме 
  Рӛлдік ойын 
  Кеңес беру 
  Психотренингтер 
  Дәрігерлік, психологиялық диагностика 
  Дене жаттығулары т.б. 
Жүктілік-әйелдің  қосымша  физикалық  және  психикалық  күшін  талап  ететін 
ерекше жағдай. Босануға дайындалуда болашақ аналар мен сәби үшін пайдалы 
іс жасау парыз. 9 ай ішінде әйел адам ӛзінің күшін, ерік-жігерін кӛтеріп, үнемі 
формада болу керек. Осы мақсатта босануға жан-жақты дайындалу үшін жүкті 
әйелдерге  арналған  бағдарламалар  құрылған.  Олардың  мазмұны  тӛмендегідей 
жұмыстарды қамтиды: 
-Жүктілер үшін АКВААЭРОБИКА   
-Болашақ аналарға арналған АКВА-ЙОГА 
-Жүктілер үшін сауықтыру кешендері 
-Жүктілер үшін ФИТБОЛ 
-Жүктілер үшін  ПИЛАТЕС  
-Жүктілер үшін ЙОГА  
-Жүктілікке арналған гимнастика 
-Жүкті әйелдер үшін арнайы массаж 
Тӛмендегідей  тақырыпта  жүкті,  ана  болуға  дайындалып  жүрген  әйелдерге 
арнайы курстар ұйымдастыруға болады: 
«Саналы ата-аналыққа дайындық», «Сіз қандай ата-анасыз?», «Ата-ана, бұл 
сіздер үшін»,   «Салауатты ӛмір салты», «Қалай жүктілікті кӛтеруге болады?», 
«Бала  тәрбиелей  білесіз  бе?»,  «Бала  кӛтеруге  дайындық»,  «Жүктілік  кезіндегі 
дене 
дәрбиесі 
немесе 
дене 
шынықтыру» 
т.б. 
Сонымен  бірге,  ұрықтың  даму  кезеңінде  тӛмендегідей  міндеттер  шешілуі 
қажет: 
1. 
Баланың  тіршілік  ету  қызметі  мен  жүктілік  кезеңде  оның  денсаулығын 
қалыптастыру  мәселелері  бойынша  болашақ  ата-аналардың  білім-түсінігін 
кеңейту. 
2. 
Ана денсаулығын сақтау, қалыпта ұстау және бала қабілеттерін дамытуға 
(дене жаттығуларымен, ӛнертапқыштық қызметпен, музыкамен, баламен калай 
қарым-қатынас жасауды үйрену мәселесі бойынша психологпен жиі пікірлесу) 
бағытталған оқулар ұйымдастыру. 
3. 
Баланың даму дәрежесіне бақылау ұйымдастыру. 
4. 
Анаға қажетті психологиялық кӛмек кӛрсету. 


 
99 
5. 
Дүниеге келген нәресте мен емшек баласына дене жаттығулары мен сылап-
сипауды жасау әдістерін ата-аналарға үйрету. 
Перенаталдық кезеңдегі дамудың адам ӛмірінде алатын орны ерекше. Ӛйткені, 
жан-жақты  дамыған,  саналы  да  білімді,  тәрбиелі  ұрпақ  жарқын  болашақтың 
кепілі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет