118
Сонымен қатар, нуклеин
қышқылдарының құрамында ми-
норлық пуриндік негіздер – аденин мен гуаниннің метилденген
туындылары да кездеседі.
Пиримидин мен пуриннің окситуындыларының маңызды
ерек шелігі олардың таутомерлік (лактам-лактимдік) түрге айналу
мүмкіндігі болып саналады:
119
Сондықтан да лактамдық түрдегі 1-ші
N атомы бойынша пири-
мидин негіздері нуклеин қышқылдарының құрамында табылған
көмірсулармен өзара байланысқа түседі.
Нуклеин қышқылдарының құрамына бір-біріне ұксас екі
мо носахарид: рибоза жəне дезоксирибоза кіреді. Бұл моносаха-
ридтер бос күйінде сақиналы-тізбекті таутомерия түрінен туын-
дайтын таутомерлік түрде болады.
Нуклеин қышқылдарының
құрамында бұл екі моносахарид
b-D-рибофураноза түрінде
кездеседі.
β-D-рибозамен салыстырғанда екінші моносахарид (
β-D-
2-дезоксирибоза) 2-көміртегі атомы бойынша тотықсызданған
қосынды болып табылады. Тотықсыздану процесінде гидрок-
сил тобы
бөлініп алынатын болғандықтан, пайда болған туынды
дезоксирибоза деп аталады, ал екі деген сан гидроксил тобы Н
атомына алмастырылған рибозаның
көміртек атомының нөмірін
көрсетеді.
120
Рибоза мен дезоксирибоза нуклеин қышқылдарының құрамына
кіретін көмірсулар. Кейбір фагтардан, рак жасушаларының кейбір
түрлерінен бөлінген ДНҚ-да глюкоза табылған.
Нуклеин
қышқылдарын гидролиздеп, өнімдерін зерттеу ба-
рысында маңызды тұжырым жасалды. Əртүрлі биологиялық
объектілерден бөлінген нуклеин қышқылдарының құрамы
бірдей еместігі анықталды. Бұл
алғаш рет бұзаудың бұғақ
безінен (тимонуклеин қышқылы) жəне ашытқыдан (ашытқы ну-
клеин қышқылы) бөлінген нуклеин қьшқылдарының құрамын
салыстырғанда анықталды. Нуклеин қышқылдарының құрамына
кіретін көмірсулардың сипатына қарай олардың біреуі – де-
зоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ), екіншісі – рибонуклеин
қышқылы (РНҚ) деп аталды. ДНҚ
мен РНҚ арасында химиялық
құрамы жағынан басқа да ұқсастықтар мен айырмашылықтар бар
(23-кесте).
Азот негіздері рибоза немесе дезоксирибозамен қосылып, ну-
клеозид түзеді (24-кесте).
Аденин + Рибоза
Аденозин
Тимин +
Дезоксирибоза
Дезокситимидин
Урацил + Рибоза
Уридин
Цитозин +
Дезоксирибоза
Дезоксицитидин
Достарыңызбен бөлісу: