Таланттар



Pdf көрінісі
бет115/256
Дата31.12.2021
өлшемі2,04 Mb.
#21362
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   256
Байланысты:
А.Қыраубаева. Жаным садаға. Пед.енб. 4-т.

КҮНДЕЛІКТЕН ҮЗІНДІЛЕР 
 
 
1.  Бүгін  Жандосов  мектебінде  бірінші  сабағым  болады. 
Таңертеңнен көп ойланудамын. Мектеп оқушысы студент  емес. 
Қызықтыра алмасаң, ұялтып тыныштандыра алмайсың. Онда бір-
ақ жол қалды: Олардың күнделікті өмірін қажытқан – ұрысу. Сол 
деңгейге  түсетін  болсақ,  несіне    әуре  болып    жүрмін.  Жаңа  
мектеп ашамын дегендегі  ойым да ұлттық мектеп  өміріне  жаңа 
бір  тамшылар  қосу емес пе? 


237 
 
Бірінші  сабағымның  атын  «Адырна  және  Әліпби»  деп 
қойдым.  Қызыққан  мұғалімдер,  ата-аналар  да  қатыспақшы. 
Халқымыздың  азып-тозғаны  сондай  –  өзіне  өз  ұлтының  
мәдениетін  оқыту  керек. «Адырна» деген сөздің  мағынасын да 
білетін  қарапайым қазақ аз  қалды ғой. 
2.  Үйге  осы  ауылдың    мектебінде  оқитын  Ғ.  деген  бала  
келіпті.  Оның  өзі  әдейілеп  келгенін  көргенде,  әкем  келгендей 
қуандым.  
Кешкі  ымыртта терезе тырс-тырс етеді. Қарай қойсам,  біреу 
терезені  ұрады  да,  еңкейіп  тығыла  қалады.  «Бұ  несі?»  –  деп 
Бұланды  жібердім, артынан  өзім  шықсам, Ғ. екен. 
Бұл  баланың  аты  ауылға    белгілі:  «жынды»,  «ең  нашар 
оқушы».  Мұғалімдер    ұрысып  та  жатады,  балалар  ұрып  та 
жатады,  әбден  қадірі  кеткен.  Егер  интеллектісі  жоғары  бала 
болса, мұндай  қорлауды көтере алмай,  өліп те кетер ме еді! Ғ. 
болса,  өз    тіршілігін    мойындап,  көніп  алған.  Сөйлеуі  төменгі 
сынып  оқушысының  дәрежесінде,  ой-өрісі  дұрыс  тәрбие  
болмағандықтан өспей қалған. Барақ, естуімше, жақсы қасиеттері 
бар:  адал,  жасырын  домбыра  тартады,  су  толтырылған  шелекті  
көтеріп жаттығады. Өз бетінше кісіге тиіспейді, бірақ балалардың 
мазағынан  мезі  болғанда,  оларды  қосақтап  ұрып  жібереді.  Бір 
орнында    екі  жыл  қалған.    Байғұс  бала  қатарынан  ересектеу 
мұғалім  ұрып    жатқанда,  қайырып    қойған  шашының 
жатықтығын бұзып алмайын деп, қолымен қайырмалап сипалап 
жатады.  Оның  әбден    қорланған    адамдық  келбетінен    өзіне  
қалғаны    сулап,  тарап    жүретін    осы  шашы    ғана.  
................................................................................................... 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет