Таланттар


Бүгін, міне, 1995 жылдың 4 мамыры



Pdf көрінісі
бет116/256
Дата31.12.2021
өлшемі2,04 Mb.
#21362
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   256
Байланысты:
А.Қыраубаева. Жаным садаға. Пед.енб. 4-т.

Бүгін, міне, 1995 жылдың 4 мамыры. Күнделікті бастаған  
1992 жылдан бергі аласапыран үш жыл өтіпті. Бүгін бір  көңілде  
сенім  пайда болған, ісім нәтиже берген күн. Ал үш жыл бұрын 
не боларына  анық көзім жеткен жоқ еді. 
Алғаш  бір  жыл  бойы  жанымдағы  мемлекеттік  мектепте 
«Қазақ  мәдениеті»  деген  сабақты  аптасына  төрт  сағат  тегін 
оқыттым.  Қандай  талапты  балалар  бар  екенін,  қандай  жақсы 


238 
 
мұғалім бар екенін білдім. Мектептің  ішкі өмірі  қандай екенін 
елестеттім. Бұл да бір пайдалы уақыт болды. Келесі жылы, яғни 
1993  жылы  көктемде  аудандық  әкімшілікке  барып  мектеп  ашу 
туралы    ұсынысымды  айтқанда,  артымнан:  «Бұл  кісі  кім  өзі? 
Ақыл-есі түгел ме?» – деген пікірлер айтылыпты. Жалпы, ақыл-
есіме  деген  күмән  көпке  дейін  сақталып  келді.  Олардың  түсіне 
алмайтыны  –  материалдық  пайдасы  жоқ  жұмысты  істеймін 
дегенім.  Мүмкін,  Алматыда  университеттен  қуып  жіберген 
шығар деп те ойлайды. Ол жақта қадірлі болса, ауылға келіп неге 
мектеп  ашпақшы?  –  дейді.  Әйтеуір,    себебін  түсіне  алмай,  
бастары қатты.  
Енді,  құдайға  шүкір,  сол  арпалысқан  екі  жыл  артта  қалып, 
біраз нәтижеге жеттік. 
Бүгін  оқып  отырсам,  М.П.Щетинин  де  былай  жазыпты: 
"Жұрттың  өзіңді дұрыс түсінуінің қандай қиынға түсетінін мен 
сол  жылдары  тұңғыш  рет  сезіндім"  (Педагог  жазбалары.  А.: 
Мектеп, 1985. 13-б). 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет