Таланттар


–  Бұл  мектебіңіз  қазіргі  басқа  мектептерден    қандай



Pdf көрінісі
бет213/256
Дата31.12.2021
өлшемі2,04 Mb.
#21362
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   256
Байланысты:
А.Қыраубаева. Жаным садаға. Пед.енб. 4-т.

–  Бұл  мектебіңіз  қазіргі  басқа  мектептерден    қандай 
өзгешеліктерімен ерекшеленеді?  
–  Ең  бірінші,  мұғалім  мен  оқушы  арсындағы  қарым-
қатынастарды  жөндеу.  Бұл  –  адамгершілік  қарым-қатынас. 
Балаға  ұрсып-зекуге,  жанына  тиер  сөз  айтуға  болмайды.    Олай 
жасаған күнде жүрегі қайтқан баладан дұрыс азамат шықпайды. 
Баланы зорлықпен емес, қызықтыру арқылы жүрегіне жол табу 
керек. Оның мәдениет деңгейін өсіру керек. Ол сонда ғана өзін-
өзі игере алатын дәрежеге жетеді.  
Балалардың  сәлемдесуінен  бастап  ерекше  қарым-қатынас 
орнауда.  Балалар  бір-біріне,  мұғалімдерге  «мырза,  бике»  деп 
қатынасады.  
Бұл  мектептің  бағдарламасында,  жалпы  мектептердегі 
сабақтар жүріледі. Сапасына көңіл бөлінеді.  
Қосымша  сабақ  ретінде  университет  бірінші  курсында 
оқылатын  сабақтар  6-7-жылдықта  оқитын  балалардың  оқу 
бағдарламасына    кірген.    Мұнда  баса  назар  аударатын  пән  – 
«Ежелгі  дәуір  әдебиеті».  Жалпы  адамды  өз  ұлтын  шын  сүйетін 
нағыз  азамат  етіп  тәрбиелеу  үшін  халықтың  тарихын,  әдеби-
мәдени  мұраларын  балабақшадағы  кезінен  бастап-ақ  үйрету 
керек. 
Тағы  бір  айта  кететін  мәселе  –    біздің  мектептерімізде 
қолданатын  термин  сөздерді  әкеле  бастауымыз,  атап  айтсақ, 
«класс»  сөзін  «жылдық»  деп  атау.  Кейбір  мектептерде  «класс» 
сөзін  «сынып»  деген  араб  сөзімен  ауыстыруда.  Ал  «жылдық» 
деген дайын сөз тұрғанда,  басқа елден сөз іздеп неміз бар? 


363 
 
Ислам мәдениетін дін ретінде емес, әлемдік мәдениеттің бір 
бұтағы  ретінде  оқытамыз.  Құран  оқуды  білетін,  ислам 
парыздарын  орындайтын,  иманды  азамат  тәрбиелеу  –  басты 
мақсатымыз.  
Оны  үйренумен  ғана  тұрмай,  басқа  біреулерге  үйретіп, 
сауабын  алса, сонысы үшін өзіндік сабақ  ретінде баға  қоямыз. 
Ағылшын    тілін    тереңдетіп    оқытамыз.  Қазірдің    өзінде  
оқушыларымыз жеңіл-желпі  сөйлей  алады.  
 Екінші  оқу  жылынан  екінші  шет тілі  ретінде араб тілін 
үйретеміз. 
Қазір    А.Байтұрсынұлы    бабамыздың    төл    әліппесі  –төте 
жазуды  үйретудеміз.  Оны  Әл-Фараби  атындағы  ҚазМҰУ-дың 
шығыстану  факультетінің  мұғалімі  Р.Айып  жүргізеді.  Оны 
тәжірибе жүзінде оқу үшін «Шалқар» газетін алып, оқып тұрады.  
Қысқасы,  бұл  үйретіп  жатқандарымыз  –  әрбір  мәдениетті 
қазақтың білуге тиісті нәрселері. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет