Таланттар


– Сіздің мектептің ұстаздары кімдер болуы керек?



Pdf көрінісі
бет215/256
Дата31.12.2021
өлшемі2,04 Mb.
#21362
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   256
Байланысты:
А.Қыраубаева. Жаным садаға. Пед.енб. 4-т.

 – Сіздің мектептің ұстаздары кімдер болуы керек? 
 –  Ұстаздарды  таңдағанда,  шамамыздың  келгенінше,  арақ 
ішпейтін,  темекі  тартпайтын,  жүрегі  мейірімді  адамдарды 
таңдамақпыз.  Баланың  жанын  жаралайтын,  оқушылармен  тіл 


364 
 
табыса алмайтын мұғалім қаншалықты білімді бола тұра оқушы 
жүрегіне жол таба алмайды. 
–  Қазір  ата-аналар  балаларын  ағылшын,  түрік 
мектептеріне беруге ынталы. Сіз осыған қалай қарайсыз? 
–  Менің  ойымша,  баланы  ұлттық  мектебінде  оқытып, 
тәрбиелеу керек. Жаны, жүрегі қазақ болмаған бала ертең бәрібір 
ұлтына  қайыр  жасай  алмайды.  6-7  жасынан    Еуропа  үлгісімен 
тәрбиеленген баладан қандай қазақтық күтеміз? 
Бұл  жағдайдан  аузымыз  күйген  ұлтпыз.  70  жыл  бойы 
орысша тәрбиеленген ұрпақ, енді ағылшынша тәрбиеленсе, бұдан 
өткен  масқаралық  бар  ма?  Жерді  сатып,  бөліп  беру  керек  деп 
даурығушылар – осындай тәрбиенің жемісі. Сондықтан  бала өз 
ұлтының азаматы болып тәрбеленсін, кейін шет тілдерін үйреніп, 
әлемдік мәдениеттен тәлім алсын.  
Ағылшын, түрік мектебіне бергеннен гөрі  балаларын бізге 
берсін. Біздің мектебіміз де олардан кем түспейді. 
Жақында  ғана  бізде  қонақта  болған  американдық 
педагогтер  бұл  мектептің  әдіс-тәсілдерімен  таныса  отырып,  өз 
мектептерімен ұқсас жақтарының көптігіне таңғалды.  
Біздің  мектеп  олардың  мектептері  сияқты,  атап  айтсақ, 
«Мадейра»  мектебі,  өзеннің  жағасында,  орман-  тоғайлы,  қала 
шуынан  сырт  жерде  орналасқан.  Кейбір  сабақтарды  табиғат 
аясында өткіземіз. 
 Жалпы, біздің қазақ халқы бала тағдырына селсоқ қарайды. 
Мектеп бітірген соң көреміз деген жайбасарлығын әлі де қоймай 
келеді. Бұл – өте қате. Бала тағдырына балабақшадан бастап көңіл 
бөлу  керек.  Сондықтан  бала  тағдырына  алаңдаушы  ата-аналар 
болса, бізбен байланысуға шақырамыз. 
Біздің  мектептегі  ұстаздар  ұжымына  да  көңіл  толарлық 
құрамда  жиналған.  Әр  ұстаз  өз  жұмысына  шынайы  берілген. 
Жалақының  аз-көбіне  қарамастан,  халық  үшін  жұмыс  жасап 
жүргендер.  Олардың  ішінде  өз  аспиранттарым  да  бар.  Бала 
жанына  жол  тапқан  мұғалімдерді  арнайы  атап  өтіп,  оларға  зор 
ризашылығымды  білдіргім  келеді.  Олар:  Бекболат  мырза 
(Байтіков), Айсұлу бике (Қасымбекова), Айхан бике, Нұрсұлтан 


365 
 
мырза,  Гүлмира  бике,  Бақытжан  бике,  Ардақ  бике,  Гүлжан 
бикелер.  Кейбіреулері  –  Әл-Фараби  университетінің  және  де 
басқа институттардың мұғалімдері. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет