Таланттар



Pdf көрінісі
бет231/256
Дата31.12.2021
өлшемі2,04 Mb.
#21362
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   256
Байланысты:
А.Қыраубаева. Жаным садаға. Пед.енб. 4-т.

          РМұратханқызы:  
– «Бір сыныпта оқушылардың санын көбейтіп, мұғалімдердің 
апталық  жүктемесін  арттырудан  не  ұтамыз»  деп  үкімет  алдына 
қойсақ... Антты қабылдауды сосын көреміз. 
(Сұхбаттасқан – Шаймерден Төлегенұлы) 
 
 
ӘЙЕЛДЕРДІҢ ҚОҒАМДАҒЫ АЛАТЫН ОРНЫ 
ТУРАЛЫ ОЙЛАР 
 


374 
 
Алма  Қыраубаева,  филология  ғылымдарының  докторы 
ҚазМҰУ-дың профессоры: 
– Білімділік  коэффициенті жағынан әйелдер  ерлерден кем 
түспейді.  Әлемде  Нобель  сыйлығын  алған  3  әйел  бар.  Мария 
Киури, Сельма Лагерфельд, Габриела Мистирал. Бір күндері осы 
қатардан қазақ әйелінің де орын аларын сенемін. Өйткені біздің 
әйелдер парасаттылық құшағында тәрбиеленген. Біліктілік коды 
тегінде бар, тек соны дамыту ғана қалып тұр. «Қалай, қайдан?!» 
–  деп  заманның  түріне  қарай  саусақпен  нұқитын  жұқарған 
жүйкелерге  сабыр  тілеймін.  Құдай  бойына  талант  берген  қыз 
қайдан  да  тесіп  шығады.  Ерлер  қатарына  қаймықпай  тұрып, 
ғылымда,  мәдениетте,  әдебиетте  өз  қолтаңбасын  айқын 
қалдыратын да – солар.  
Бірақ  табиғаттың  әр  адамға  берген  өз  ерекшелігіне  қарай 
әйелдің  де  бәрі  бірдей  жұмсақ  иығын  ерлер  басымдылық 
көрсететін майданға тоса беруі шарт емес. Әйелдің негізгі міндеті 
– басқада. Әр әйел бауырындағы баласының дұрыс адам болып 
өсуіне  жауапты.  Біз  осы  негізгі  міндетімізді  қоғамдық 
қайраткерлікке айырбастап  алудан көп зардап шектік. 
Менің бүгінгі қоғамда қыздарға айтпағым – барлық іске де 
ең  алдымен  табиғи  қабілет  керек.  Одан  да  гөрі  отанасы  бола 
білген артық шығар. 
Қазіргі  қыздардың  қайраткерлікке  ұмтылуында  ерлерге 
деген  сенімсіздік  те  бар  сияқты.  Иығына  сүйенуге  тұратын 
жігіттер көп болған сайын, қыздар нәзік бола түседі. Қыздар нәзік 
болған  сайын,  ер  балалар  қайраттана  түседі.  Табиғаттың  өзі 
сыйлаған осы үйлесім орнында болса, отбасы да берік боларына 
сенім мол. 
Әйелдердің  күнкөріс  белсенділігіне  қиындықтан  шыға 
алмай  жатқан  қоғамымыздың  өзі  итермелеп  отыр.  Дұрыс, 
қоғамда  адамның  күнкөріс  деңгейі  оның  білім-  білігіне  қарай 
өсуге мүмкін болса, бізде, керісінше. Рухани ахуалды төмендетіп 
жібереді. Нағыз қасиет аяққа басылуда.  
Бірақ  мұны  уақытша  қиындық  деймін.  Бәрі  де  орнына 
келетін күнді көруге жазсын! 


375 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет