Таланттар



Pdf көрінісі
бет232/256
Дата31.12.2021
өлшемі2,04 Mb.
#21362
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   256
Байланысты:
А.Қыраубаева. Жаным садаға. Пед.енб. 4-т.

       
 
«АЙНАЛАЙЫН, ТҮСІНІК...» 
 
Адамның  жан  қуаттарының  бірі  түсінік  туралы  сөз  қылуды 
ниет  еткендегі  мақсатымыз  –  кәдімгі  түсінік  жайындағы...  
ұғымымыз қандай? Түсінік деген не? Неге ол адамдардың бәрінде 
бірдей емес? Адамның құбылысты я айтылғанды түсінуі, түйсінуі, 
қабылдауы, қорытуы, ең соңында оны іске асыруы қалай жүзеге 
аспақ деп келетін сауалдарға жауап іздеу болатын. 
Өкінішке  қарай,  осы  орайдағы  әңгімеге  шақырған  кісілеріміз 
қашқақтай  берді.  Тіпті,  тап  осыны  әуелгі  сөйлескен  маман  түстеп 
айтқанда,  психологтің  өзі  «түсіндіріп»  бере  алмады.  Біз  ол 
жауапты  жарамсыз 
болған  соң  жарияламадық.  Бір 
байқағанымыз, жоғары я орта немесе арнаулы оқу орындарында 
сабақ  беретін  психологтер  адаммен  жұмыс  істемейді. 
         Олар  керекті  сабағын  «қырық  жылғы»  кітап  тілімен 
өткізе  беретін  көрінеді.  Содан  кейін  кімге  ренжиміз. 
Кейбіреулердің «түсінік деген – түсінік» дейтін келемеж-жауабы да 
орынды  сияқты.  Жұмекен  ақынша  айтсақ, «Айналайын, түсінік... 
Біреулерді қор еткен, біреулерді зор еткен...» 
 
Төменде  оқытушы  мен  психолог  пікірлерін  ұсына 
отырып,    осы  тақырыпта  ой    бөліскісі  келетіндер  болса,  қуана    
қарсы  алатындығымызды  ескерткіміз келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет