Көрнекілік түрлері
1. Көркем суретті.
2. Графикалық материалдар, үнтаспа жазулары, күйтабақтар, радио-телехабарлар, оқу
фильмдері, кино-фрагменттер, телесабақтар. Бүлардың өзін есту, көру процестеріне
байланысты бірнеше түрге жіктеуге болады:
а)
Көруге негізделген көрнекіліктерге: иллюстрациялар,бейнелеу өнерінін
туындылары, мүсін, сәулет өнерінің шығармалары, графикалық материалдар (сызба,
кесте-плакат, т. б.), портрет, фотосуреттер, макеттер, альбомдар, т. б.жатады.
ә) Естуге негізделген көрнекіліктерге: ақын-жазушылар даусы, шығармалары
жазылған күйтабақтар, не олар туралы үнтаспаға жазылған естеліктер, музыка
туындылары, ертегі, батырлар жыры, әңгіме, өлеңдер, артистер оқуындағы басқа да
шығармалардың түрлері жатады.
б)
Көру, есту көрнекіліктерінің екеуіне де жататын кино, телехабарлар, оқу
фильмдері де көрнекіліктердің маңызды бір саласы.
157
Достарыңызбен бөлісу: |