Байланысты: Қ. Бітібаева. Әд.оқыт.иннов.әдіст.техн.
IV тарау. СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАР СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРДЫҢ МАҚСАТЫ, МАҢЫЗЫ Мектепте әдебиетті окыту барысында сыныптан тыс
жұмыстарға ерекше көңіл бөлінуге тиіс.Әдебиет - өнер, сөз өнері пәні. Бағдарламада
берілетін арнаулы сағаттарда мұғалімдер білім негіздерін қалыптастыру жұмыстарымен
айналысады. Сөз жоқ, икем-дағдысын дамыту, тәрбиелеу, қабілеті, дарынына әсер ету, оны
ары қарай мәпелеу істері білім берумен қоса жүреді. Бірақ осы жұмыстардың барлығын
сабақ процесінде жүзеге асыру мүмкін нәрсе емес. Оқушыларды сөз өнеріне тарту, көркем
шығармаларға деген қызығушылығын арттыру, эстетикалық талғамын, сезімін дамыту
сиякты білім мен тәрбие берудің басты-басты мәселелері сыныптан тыс жұмыстарды тиімді
ұйымдастыру арқылы жүргізіледі.
Оқушылар еңбегін ғылыми түрде ұйымдастыру, бос уақыттарын пайдалы, тиімді өткізу
де, инабаттылық, имандылық, адамгершілік сияқты биік гуманистік қасиеттерге баулуда,
ұлттық өнерді, халық өнерін қастерлеу, қорғауда да сыныптан тыс жұмыстардың жас ұрпаққа
берері, үйретері көп.