189
- Шебер, шешен өткір сөйлеу. Сөйлеу мәдениетін сақтау.
V
бөлім. Қорытынды (Коррекция)
1.
Қорытындыны оқушылардың өзін-өзі бағалауы, өз білімдеріне өздерінің сын
көзбен қарауымен жинақтау.
2.
Мұғалімнің талдауы, бағалауы, алдағы мақсат, міндетті айқындау,
тапсырмалар беру. Сабақтың әр кезеңін өз спикерлері өткізеді. Сабақ толық құрылды.
Сабақты оқушылар жүргізді. Бағалау да, талдау беру де, шығару да олардың өз іс-әрекеттері
арқылы жүреді, олардың шығармашылығына нақты баға беріледі.
Мысалы, I бөлімдегі модельді қорғау сабағында бас бәйгеге сыйлық ретінде сарапшылар
«Мақтау қағазын» ұсынады. Онда былай жазылған:
«Алпамыс батыр» бейнесін модельдеудегі ерекше ізденіс үшін Досжан марапатталады.
Егеменді елімнің Алпамысы бол! Алпамыстай арманға, бақытқа жет! Сен Алпамыс
әлемінің мұхитында еркін жүздің, енді Қобыланды әлеміне жолдама береміз.
Ескерту: - Келесі сабақтарда «Қобыланды батыр» жырын талдау. Ал айыптау
сабағындағы үкім былай шығарылады:
–Ұлтан - барса келмес аралына мәңгілікке жер аударылсын, Соркұдықтан сусын
ішсін. Адамдар арасында тіпті есімі де жүрмесін!
– Мыстан ертегілерде ғана қалсын!
–Тайшық сынды отарлаушылар жер жүзінен аластатылсын!
Егеменді елімізде оған орын жоқ! Тайшыққа ұрпақ қарғысы!..
Сабақ үлгісі. 10-сынып
Достарыңызбен бөлісу: