Ќанипа Бітібаева


КӨРКЕМ ШЫҒАРМАЛАРМЕН ЖҰМЫСТЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ КЕЗЕҢДЕРІ



Pdf көрінісі
бет22/182
Дата31.12.2021
өлшемі2,68 Mb.
#21363
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   182
Байланысты:
Қ. Бітібаева. Әд.оқыт.иннов.әдіст.техн.

КӨРКЕМ ШЫҒАРМАЛАРМЕН ЖҰМЫСТЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ КЕЗЕҢДЕРІ 
    Көркем  шығарманы  талдауға  берілген  сағаттарды  мұғалім  қай  талдау  түрімен 
жүргізсін, қандай әдіс-тәсіл пайдалансын, соның ішінде қорытынды жұмысқа арнайы сағат 
бөліп, қорытынды сабақтарды өткізудің маңызына ерекше көңіл бөлуі керек. Қорытынды 
жұмыстарда оқушылар мәтінді қайталап оқып, не болмаса уақыттың бәрін оны талдауға 
жұмсайды.  Балалар  оқыған  дүниелеріне  қайта  айналып  соғады.  Хамиттің  жеңіліп 
қалғанына өкінеді (С.Сейфуллин. «Бандыны қуған Хамит»). Сатқын Қарашо-қыға кіжінеді. 
Қайыр  ханның  ерлігіне  сүйсінеді  (М.Шаханов  «Отырар  дастаны»).  Оқушы  санасында  бәрі 
қайта жаңғырады. Әрине,  сезімдері,  әсерлері  алғашқыдай,  алғашқы  табысудай  болмаса 
да,  бала  қорытындыда  шығармамен  қайта  табысқандай  болады.  Қорытынды  жұмыстарда 
оқыған  көркем  туындының  мазмұны  емес,  оның  идеясы,  тақырыбы,  көркем  тілі,  маңызы 
туралы  мұғаліммен  бірге  отырып,  бір  тұжырым,  қорытындыға  келеді.  Қорытынды 
оқушылардың  бұрынғы  білімін  жаңғыртып,  эмоциясына  қайта  әсер  етумен  шектеліп  қана 
қоймай,  оларды  тың  мәселелерге  де  жетелейді.  Мысалы,  7-сыныптағы  Ғ.Мүсіреповтің 
«Ананың  арашасы»  әңгімесіндегі  қорытынды  жұмыстарды  мына  мазмұнда  жүргізуге 


 
30 
болады:  1.  Оқушылардың  эмоциясына,  сезім  қылына  әсер  ету,әрі  осы  әңгіме  негізінде 
жатқан  негізгі  идея,  тақырыпқа  алдын  ала  назар  аударту  мақсатында  М.Горькийдің 
«Мақтасақ, әйелді мақтайық та, құрметтейік те әйелді, әйел  - ана, барлық қиындықты 
жеңетін сарқылмайтын күш,  көзді  бұлақ емес пе?!» - деген сөздерін көркем етіп жазып 
қою,  сондай-ақ  сабақ  алдында  (үзіліс  кезінде,  оқушылар  кабинетке  келіп  жатқан  мерзімді 
пайдаланып) күйтабақтан «Ана» туралы әндер тыңдау.  
2. 
Ең басты оқиға, негізгі эпизод (идеяны ашатын) -Антоновтың Нағима 
ананы жазалауынан шағын инсценировка дайындау, соны көрсету. Әсіресе, Нағима 
ананың: 
«Бәріңнің де шешелерің бар шығар, тек біреуіңнің де шешелерің мынандай ақ 
топалаңның қолына түсе  көрмесін деп, тілеп келем. Мен үш ауыз құрметті сөз естіп, 
өлгелі тұрмын... Ана... Азамат... Жолдас... бұл сөздер үшін өкінбей-ақ өлуге болады» 
деген монологіне ерекше назар  аудару керек.  
3. 
Әдеби айтыс, пікір таласына жетелейтін сұрақтар әзірлеу, оны пайдалану 
(негізгі мақсатты сол арқылы жүзеге асыру). 
а) 
Әңгіме неге «Ананың арашасы» деп аталады?  «Нағиманың арашасы», 
«Әйел арашасы» деп атауға да болады ғой! «Ананың арашасы» деп ат қойғандағы жазушы 
мақсаты  не? 
ә) Антонов әскерлерінің Ананы өлтірмеу себебін қалай түсіндірер едің? Қанға 
тоймайтын «ақ топалаңдар» Нағима ана алдында неге әлсіз? 
б)   Антоновтың өлімі туралы не айтар едіңдер? 
        в) Нағима  ана жеңісінің мәні, себебін ойлан. 
 4. 
Сабақтың соңғы кезеңдерінде жазушының М.Горькийден аударған «Ана кесімі 
айнымайды» әңгімесі бойынша сөз қозғап, сатқын баласын Ананың өз қолымен өлім 
жазасына кесуін әңгімелеу. Соңғы сөзді оқып, осы екі әңгімедегі Ана бейнелері туралы 
пікірлесуге шақыру. «Барлық елде, әр заманда, барлық қанішерлер үшін! Барлық 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   182




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет