Ќанипа Бітібаева


КӨРКЕМ МӘТІНДІ ТАЛДАУ ЖОЛДАРЫ



Pdf көрінісі
бет19/182
Дата31.12.2021
өлшемі2,68 Mb.
#21363
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   182
Байланысты:
Қ. Бітібаева. Әд.оқыт.иннов.әдіст.техн.

КӨРКЕМ МӘТІНДІ ТАЛДАУ ЖОЛДАРЫ 
Көркем мәтінді талдау арқылы мұғалім баланың көркем сөзді түсіне білуіне, оған деген 
ынтасына  да  әсер  етеді.  Бірте-бірте  оқушы  өмірді  түсіне  бастайды,  өзіндік  көзқарасы 
қалыптасады,  тұжырымдап  айтқанда,  көркем  шығарма  оқушының  жеке  басының 
қалыптасуына  да  ерекше  әсер  етеді.  Көркем  туындыдан  ләззат  алу,  оған  бойлау  оны  талдай 
білуге  де  байланысты.  Талдаудың  тиімді  әдіс-тәсілі  ретінде  тәжірбиеде  кеңінен 
пайдаланылып жүрген бір түрі - жан-жақты талдау. 
Жан-жақты, толық талдау көркем туындыны тұтастай қарастырып талдайды. Әсіресе, 
бұл талдау кейде мәтіндік талдау деп те аталады. Жан-жақты талдау уақытты көп  алады, 
дегенмен,  оның  тиімділігі  көркем  туындыны  жанды  бір  организмдей  тұтас  қарастырады. 
Шешуші  бір  эпизодтар,не  суреттеу,  баяндау,  кейіпкер  монологі,  сөйлеу  тілдері  негізге 
алынады.  Бұл  талдаудың  өзіндік  ерекшелігі  сол,  ол  үнемі  мәтінге  жүгініп  отырады. 
Сондықтан  мұғалім  көркем  туынды  идеясын  ашатын оқиға,  эпизодтар,  кейіпкерлер  сөзі,  іс-
әрекеті, оны айшықтайтын мәселелерді назарға алып отырады. Мысалы, М.Әуезовтің «Абай 
жолы» эпопеясындағы Құнанбай бейнесін, оның негізінде жатқан басты проблемаларға барар 
жолды айқындайтын алтын кілт ретінде мына бір көріністі алуға болады: 
Байдалы: «... Әне бір күндерде Қаратай, Бөжей, Байсал бар, барлығымыз Қаумен үйінде 
түстеніп отыр едік. Жиын бір сөзден бір сөзге түсіп, шалқып отырып, ақыр аяғы: «Жә, өзіміз 
көргенде  мырза  кім?»  дегенге  келді.  Жұрт  ойланып  қалды.  Байсал  күншуақта  жатқан 
тағыдай көзін бір ашып, бір жұмып, бүк түсіп, сырт қарап жатқан. Жаңағы сөзге ол қатысқан 
жоқты. «Мырза кім?» дегенге Қаратай жауап беріп: «Мырза - Құнанбай», - деді. Тағы біраздан 
соң ол жиын: «Шешен кім?», - деді. Тағы Қаратай жауап беріп: «Шешен -Құнанбай», - деді. 
Екі бел асты. Аздан соң және бір оралып кеп: «Жақсы кім?» десті. Әлгі Қаратай жауап беріп: 
«Жақсы -Құнанбай»  - деді. Сол кезде Байсал басын жерден жұлып алып, саңқ етіп, «Уай, 
Көкше, не оттап отырсың өзің?» -деп, Қаратайға қадала түсіп: - Мырза Кұнанбай екен, шешен 
Құнанбай екен, жақсы Құнанбай екен! Ендеше не көкіп  алысып жүрміз онымен», - деді. 
Соған Қаратай іле жауап беріп: «Уай, тәйірі-ай, мен Қүнанбайдың өзге жағынан мін тауып, 
алысып жүрмін бе? Жалғыз-ақ «не қылайыны» жоқ қой, сондықтан кетіп жүргем жоқ па?» - 
деді (Эпопеядан үзінді.) 
Әрине, Құнанбайды ашатын эпизодтар көп. «Қодар мен Қамқа өлімі» немесе «Әмірді 
жазалау» сияқты үлкен оқиғалар-ақ Құнанбайды ашып бере алады. Дегенмен, М.Әуезов 
сомдаған ақылды, шешен, әрі талмас-таймас бір бет  Құнанбайды,  қу,  әккі  Құнанбайды, 
жақсы қасиеті  мен жамандығы астасып келіп жатқан Құнанбайды ашатын негізгі кілт осы 
эпизодта  сияқты. Ал  эпопеядағы  ескі  мен  жаңаның, прогресс пен құрып, бітіп бара жатқан 
феодалшыл заманның күресін, оның негізіндегі автордың идеясын  ашатын  бір эпизодқа 
«Қияда» бөліміндегі Абай мен  Құнанбай диалогін, сондай-ақ «Еңісте» бөліміндегі Әмірді 
өлімнен  құтқарған  кездегі  Абай  -  Құнанбай  арасындағы  қақтығыстарды  жатқызуға 
болады: 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   182




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет