28
Мәтіндік талдаулардың күрделілігі сол: мүғалім осындай «жайды», сөздерді,
эпизодтарды дөп таба білуі қажет. Эпопеядағы Абай бейнесі арқылы жазушы XIX
ғасырдың екінші жартысындағы қазақ даласы, онда басталған прогресс дәнін, халық
даналығын,
халық ақылын,
халық гуманизмін, өнерін - «атаның емес, адам ұлы бола білуді»
көрсетуді мақсат еткен. Автор идеясын ашатын эпизодтардан алынған бұл мысалдар осы
мәселелерді нақты көрсетіп тұр. Мәтіндік талдауда оқушылардың шығармашылық
жұмыстарына ерекше көңіл бөлу керек. Оған мәтін бойынша инсценировка жасату, суреттер
салғызу, сценарийлер жазғызу т.б. жұмыстар жатады. Мысалы, Қодар мен Қамқа
өлімін суреттейтін эпизодтар
бойынша сценарий жазғызуға, Әмірді арашалауға инсценировка
жасатуға болады. Қай шығармада қандай тапсырма беруді мұғалім өзі ойластырады. Сынып
ерекшелігіне, балалардың қабілетіне байланысты тапсырма түрі де өзгеріп отырады.
(Талдаудың келесі бір түрі - шолу бағытындағы талдаулар. Бұл талдаудың өзіндік
ерекшелігі сол, мұғалім көркем туындыны жалпылама, шолу бағытында қарастырады.
Проблемалық сұрақтарға немесе белгілі бір эпизодтарға арнайы тоқталмайды. Көркем
шығарма сюжеті, композициясы, тілі, көтерген тақырыбы тұтастай қамтылады. Оқушылар
көркем мәтінмен емін-еркін жұмыс істей алады.
Талдаудың тағы бір түрі - белгілі бір мақсат, бағытты алдына қойып, соны айқындау
үшін жүргізілетін талдаулар (сұрыптап талдау деуге болады). Бұл талдау көбіне
проблемалық сұрақтар,
проблеманы шешу айналасында ұйымдастырылады. Мұғалім
шығарма негізіндегі ең басты проблемаларды сұрыптай отырып, талдауды соны шешуге
бағыттайды. Мысалы, «Қараш-Қараш оқиғасы» бойынша «Бақтығұлдың ең басты қателігі
неде?» немесе «Отырар дастаны» (М.Шаханов, 5-сынып) өлеңі бойынша «Шыңғыс пен оның
әулетінің Отырарды 6 ай бойы ала алмау себебінің негізін қалай түсіндіруге болады?» деген
проблемалық сұрақтарға жауап беру үшін, оны ашатын эпизодтар, оқиғалар
сұрыпталып алынады. Сондай-ақ М.Мағауиннің «Бір атаның балалары» әңгімесін
талдауда «Ертай мен Нартай өлімінің басты қылмыскері кім?» деген проблемалық сұраққа
уәж айту үшін, әңгіме ішіндегі бір эпизод, бір оқиғаға ғана сүйенбей, бірнеше мәселеге
назар аудару керек.
Соғыс, балалардың жетім қалуы, асырап алғандардың оларды, яғни ес білген
балаларды егіздігіне қарамай, бөліп алуы, үлкендердің өтірік айтуы (біздің баламызсыңдар
деп), барлығы да бірігіп келіп, осы сұраққа жауап беруге жетелейді. Талдауды осылай
топтау, шынына келгенде, шартты нәрсе. Тәжірибеде көркем туындыны талдау барысында
олар бірігіп, араласып келіп жатады. Төменгі сыныптарда шағын бір әңгімеге бірнеше сағаттар
бөлінеді де, мұғалім мәтінмен жұмыстың алуан түрін жүргізе алады (мәнерлеп оқу,
мазмұндау, пікірлесу, т.с.с.)- Ал жоғары сыныптарда әдебиеттің ірі тұлғасының
шығармасының өзіне арнаулы ғана сағаттар бөлінеді. Мысалы, М.Әуезовтей ірі тұлға
шығармашылығына 12 сағат бөлінген. Шыңдап келгенде, сол 12 сағат «Абай жолын»
талдауға да жетпейді. Міне, осындай жағдайларда мұғалім талдаудың барлық түрлеріне де
жүгінеді. Мәселен, кейіпкерлерді сөз ету барысында, әсіресе, мәтіндік талдаулар үлкен
рөл атқарады. Мысалы, жастар бейнесінің басында тұратын Абай еккен гуманизм, өнер
дәнінің мұрагері, болашақ сәулетті заманның бас өкілі ретінде сомдалған Дәрмен бейнесін
ашуда мынадай жұмыстар жүргізіледі:
Бірінші топқа:
Мына үлгіні пайдалана отырып, Әбіш, Дәрмен бейнелеріне әдеби талдау жасауга
талаптан.
29
Әбіш, Дәрмен
туралы
Абайдың
пікірі мен көзқарасы
Әбіш, Дәрмен
туралы
доста-
рының пікірі
Әбіш, Дәрмен
туралы үстем тап
өкілдерінін пікірі
Әбіш, Дәрмен
туралы өз
пікірің
Екінші топқа:
Мына үлгіні басшылыққа алып, Әбіш пен Дәрменнің саяси өрісі, өмір, қоғам, өз
ортасы жайындағы дүниетанымдарын бағдарлау (мәтіннен үзінді ала отырып).
1.Өмірдегі мақсат-мұраттары.
2. Халық, кедейлер туралы көзқарастары, қарым-
қатынастары.
3. Өнер, білім, болашақ туралы пікірлері.
Әбіш
Дәрмен
Достарыңызбен бөлісу: