Ќанипа Бітібаева



Pdf көрінісі
бет72/182
Дата31.12.2021
өлшемі2,68 Mb.
#21363
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   182
Байланысты:
Қ. Бітібаева. Әд.оқыт.иннов.әдіст.техн.

БАТЫРЛАР ЖЫРЫН ОҚЫТУ 
Батырлар жыры - ауыз әдебиетінің маңызды да күрделі жанры. Оның оқытуға қиындығы - 
ұзақтығы, тілінің бүгінгі балалар үшін  қиындығы, поэтикалық ерекшелігінде. Әсіресе, оны оқыту 5-
8-сыныптар  арасында  мүғалімге  көп  еңбек  сіңіруді  қажет  етеді.  Батырлар  жырын  оқытуда 
мұғалім басты-басты мына мәселелерге көңіл бөлу керек (5-8-сыныптарда): 
Кіріспе   жұмыстар 
19. «Батырлар  жыры»  туралы  (эпостық  жырлар)  алғашқы  әдеби-теориялық  ұғым  беру. 
(Оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып). 
20.Батырлар жырындағы халық арманы, оның негізіне халық тарихының жататыны. 
Мазмұнын меңгерту бағытындағы жұмыстар 
1.Жырдың сюжеттік-композициялық жоспарын жасап, оны балалардың көз алдына іліп қою. 
Мысалы, 7-сыныптағы «Қамбар батыр» жырына мынадай жоспар жасауға болады: 
Жыршының баяндауы (Әзімбай туралы). 
Қыз Назымның сұлу сипатын суреттеуі. 
Қыз Назымның күйеу таңдауы, ешкімді ұнатпауы. 
Қамбарға ғашық болуы. 
Қамбардың сипаты. 
Қамбардың халқы үшін аңшылықпен айналысуы. 
Аң аулап жүргенде, жолбарыспен шайқасуы. 
Назым аулының  үстінен өте шығуы. 
Назымның  өкпесі, назы. 
Қамбардың жолына тор құруы 
Қамбар мен Назымның тілдесуі, бір-біріне мұң шағуы. 
Назым ағаларының ашуға булығуы. 
Алшыораздың араша түсуі, ақылы. 
Қалмақ ханының Назымға құда түсуі. 
Алшыораз бен Келмембеттің соғысы. 
Қараман ханның каһары. Әзімбай аулына жорығы. 
Әзімбайдың қысылуы, Қамбарға кісі салуы. 
Қамбардың елімен қоштасып, көмекке аттануы. 
Қараманды іздеп баруы, сөзбен айқасуы. 
Караманның жекпе-жекке шығуы. Соғыс сипаты. 
Қараманды, қалмақтарды жеңуі. Қамбардың Назымға үйленуі. 
 Ұзақ  жырға,  әрі  оқиғалары  да  күрделі  жырға  осындай  жоспар  құру  балалардың 
жырдағы басты оқиғаларды тез қабылдауы, аңғаруы, әрі сол бойынша мазмұнын жүйелі 
түрде тұжырымды етіп айтып беруіне көмек-нұсқау рөлін атқарады. 
2. 
Жырды күйтабақтан тыңдатып (басқа жырды да оқытуға болады), жырдың 
оқылу мәнерімен таныстыру. 
3. 
Жырды мәнерлеп оқу. Басты-басты эпизодтарға бөліп оқып, ізінше мазмұндатып 
отыру. Мазмұндауды сұрақ- жауап әдісімен   жүргізу, басты оқиғаларын айтқызу. 
Аннотация жаздыру. 


 
85 
Мына үлгіде жүргізуге: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   182




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет