89
д)Тақырыпқа сай музыканы, бейнелеу өнерін, басқа да өнер туындыларын,
көрнекілікті, үйлесімді, тиімді пайдалану.
е)Тиімді, көңілді оқу жағдайын туғызу. Жағымды ахуал жасау (балаларға ұрыспау,
т.б.)
з)Қабілеттерін, шабыттарын ояту, белсенділіктерін арттыру мақсатында
шығармашылық сипатта\ғы әдіс-тәсіл-ер пайдалану.
и)Әр түрлі сабақ үлгілерін іздену. (Мысалы, концерт-сабақ пәнаралық байланыста
өтетін сабақтар, т.б.); музыка пәні, бейнелеу өнері, т.б. пәндер мүғалімдерімен сабақты бірге
өткізу.
Абайдың «Күз» өлеңін талдаудың кіріспесінде оқушыларға алдын ала берілген
үлестірме-нұсқауды пайдаланып, әңгіме жүргізеді (жоғарыда айтып өтілді). Ол үшін
мүғалім үлестірме-нұскауларын іштей бір қайталап, негізгі тапсырмаларды еске түсіртіп
алғаннан кейін, өлеңді өзі мәнерлеп оқиды. Оқушыларға да іштей тағы бір оқуды
тапсырады. Өлеңді бірден өзі талдаудан бұрын, балаларды алдын ала ойландырып,
толғандырып талдауды олардың қатысуымен жүргізу, әдеби талдауға баулу, поэзиялық
шығармаларды өз беттерімен оқытып, өз пікірлеріне жол салуда мұндай тәсілдің маңызы
зор. Балалар оқып болғаннан кейін, мәтін бойынша жұмыс жүргізіледі.
Талдау сұрақтары:
21. Күз көрінісі қай шумақтарда суреттелген? (Өлеңнен тауып оқиды.)
22.Ақын күз көрінісін қандай сөздермен бейнелеген?
(Мәтіннен оқып, өз жауаптарын дәлелді түрде береді.)
23.Оқулықтарда берілген «малма», «шомшы», «күзеу», «оты жоқ» деген сөздердің
мағынасына тағы бір назар аударындар.
16.Ақын өлеңде тек күз суретін ғана берген бе?
17.Адам тірлігі қалай берілген? (Өлеңнен үзінді оқиды.)
18.Жан-жануарлар тірлігі ше?
19.Күз суреті неге сонша жабырқаңкы берілген?
20.Өлең арқылы ақын қандай мәселе көтерген,
не айтпақ болған, қандай көңіл
күймен жазылған?
Осы «Күз» өлеңін өту барысында Левитанның немесе басқа суретшілердің осы
тақырыптағы суреттерін іліп қоюға болады. Сурет бояуларына қарата отырып, өлеңдегі
күздің сөзбен салған бояуын салыстырып, сол арқылы ақын мен суретші үндестігі, оның
негізгі себебін анықтау жұмыстарын жүргізу өте тиімді келеді. Үндестік ретінде
оқушылармен біріге отырып, «сұр бұлтты», «суық аспанды», «сары түсті» табуға болады.
Суреттегі, өлеңдегі бұл үндестіктің сыры -күз табиғатына байланысты шындықтың беріліп
отырғанын оқушыларға аңғарту керек. Суретші шындық көріністі бояумен берсе,
ақынның сөзбен беріп отырғанын дәлелдей түсу керек. Осы сабақта балаларға өз аулының,
қаласының күзін еске түсіріп, оны Абай «Күзімен» салыстыру да тиімді болмақ. Салыстыру
үшін мынадай сұрақ беріледі:
1. «Күз» өлеңінде адамдар тірлігі қалай берілген дедік? Енді өз аулыңдағы күз
кезіндегі адамдар тірлігін айта ғой.
2. Ақын өлеңде «Қай ауылды көрсең де, жабырқаңқы» дейді? Оның себебі не? Ал
осы кездегі ауыл тап осындай жабырқаңқы ма? Себебі неде деп ойлайсың?
3.
Өз аулыңның (каланың) күзіне ауызша суреттеме бер.
Сондай-ақ осы сабақты интеграциялық оқуға негізделген трио сабақ (үштік сабақ) ретінде
өтудің тиімділігі зор.
Орыс әдебиеті, бейнелеу өнері мұғалімдерімен қосыла отырып,
тақырыпты білімдік жағынан терең, жан-жақты, әрі қызғылықты өтуге болады.
Орыс әдебиеті мұғалімі орыс ақындарының, соның ішінде Пушкиннің «Алтын күзіне»
тоқталып, орыс күзінің «Алтын күз» аталу себебі, оның негізінде жатқан
әлеуметтік жағдайларды қысқаша әңгімелесе, әдебиет мұғалімі Абай «Күзінің»
сүреңсіз суреті негізінде сол кездегі көшпелі кедей тірлігінің шынайы көрінісі
берілгеніне тоқталады. Екі ақын да күз табиғатын жеке-дара, өлі суреттермен бермей,
90
халық тіршілігі, ел жайымен астастыра бергенін түсіндіру қажет. Ал бейнелеу өнері
мұғалімі күз табиғаты бойынша ауызша суреттеме береді. Суреттерде бояу сөйлейтініне
тоқталады. Бір мезетте үш пәнді осылай біріктіре отырып, оқушыларға жан-жақты, әрі
терең білім беруді жүзеге асыруға болады.
Л ирикалық
шығармаларды
өтуде
оқушылардың
шығармашылық
жұмыстарына да ерекше көңіл бөлу керек. Осы сабақта қабілеттеріне қарай өлең
жаздыру, сурет салдыру немесе шағын шығарма-суреттеме жаздырудың маңызы зор
болмақ.
Достарыңызбен бөлісу: