Ќанипа Бітібаева


С.Мұқанов, Ә.Марғұлан еңбектері



Pdf көрінісі
бет92/182
Дата31.12.2021
өлшемі2,68 Mb.
#21363
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   182
Байланысты:
Қ. Бітібаева. Әд.оқыт.иннов.әдіст.техн.

С.Мұқанов, Ә.Марғұлан еңбектері 
 
Орталық 
Қазақстан, 
Жетісу, Тарбағатай.  
Қырғыз елі -1856, 
1857  
Құлжа,  Жоңғария  -
1857  
Еңбектері: «Тәңгір», 
«Қазақстандағы шамандықтың 
қалдығы», әдебиет, тіл туралы 
пікірлері (халық ауыз әдебиетін 
топтауы, импровизация, қазақ 
әдебиетінің байлығы, 
жырлардың орыс, батыс 
әдебиетімен ұқсастығы) ертегі-
жырлардың  
орыс, батыс әдебиетімен 
ұқсастығы) 
 
  
 
Еңбектері:  «Қырғыздар 
туралы 
жазбалар», 
«Қазақтың  халық  поэзиясы 
туралы» 
 
 
 
 
 
 
 
 
С а я х а т т а р ы  
Қырғыз  эпосы  -  «Манасты»  зерттеуі  («Одиссея»  мен  «Илиадаға»  теңеуі).  Орыс 
достарымен жазысқан хаттары. Қосымша материал. 
Ең басты, түйінді дүниелерге негізделіп жасалған, әрі суреткердің бүкіл шығармашылық 
бітім-болмысынан  тұжырымды  түрде  көрініс  беретін  мұндай  стендтер  жазушы  өмірі  мен 
шығармашылығын оқыту барысында оқушыға анықтағыш, көрнекі кұрал, әрі көмекші-нұсқау 
ретінде  пайдаланылады.  Суреткер  өмірі,  шығармашылық  жолы  туралы  алғашқы  сабақтың 
тиімді  ұйымдастырылуының  өзі  оны  әрі  қарай  оқытудың  нәтижелі  болуына  сөзсіз  әсерін 
1913 
1914 1916  
Омбы  қаласында  семинарияда 
окуы, саяси жұмыстарға катысуы  
Қазан    каласында  «Өткен 
күндер» 
өлеңдер 
жинағьшьщ 
басылуы  


 
110 
тигізеді. Оқу жабдығы, материалдарды іріктеумен қатар, ең басты мәселе берілетін білім мазмұнын 
саралау, қай сабақта оны қай тұрғыда жеткізе білу айналасында іздену. Әсіресе, әдіс-тәсілдерді, 
оқу формаларын үйлесімді сұрыптап ала білу, сабақ үлгісін оның мазмұнына сай ойластыру - 
сол ізденудің бір жағы. 
Мысалы, 11 -сынып әдебиеті бойынша Мағжан өмірі мен шығармашылығын төмендегі 
үлгіде өтуге болады: 
Сабақ 
тақырыбы,мазмұны  
Әдіс-тәсілдері  
Сабақ үлгісі  
1-сабақ: 
«Мен 
Мағжанды 
сүйемін» 
Ақынның  ұшқан  ұясы, 
қажылар 
әулеті, 
текті 
жерден 
шыққандығы,жалпы  ақын  
туралы  кіріспе  сөз,  Білім 
алған 
ордалары.Бейімбет 
Сайфи Құдаштармен Ғалия 
медресесінде  білім  алуы. 
Әдебиет  әлеміне  қанат 
қағуы.  Омбы  мұғалімдер 
семинариясындағы өмірі  
Дәріс, 
оқушы 
хабарламалары (естелік, хат т.б. 
қосымша 
материалдардан 
жасалынады.) 
Әңгіме 

пікірлесу, 
мәнерлеп 
оқу, 
кітаппен  жұмыс  (естеліктер, 
өлеңдер )  
«Еске алу» сабағы  
2-сабақ: 
«Мінекей, 
қазақ 
солай 
құрып 
кетпе..»Төңкеріске  дейінгі 
қызметі. 
1912 
жылы 
бастырған 
тырнақалды 
«Шолпан»жинағы. 
Әйелдер  тағдыры,  халық, 
ел,  туған  жер  тақырыбы 
(отарлық  қоршауда  жатқан  
)  Өнер-білім  міселелерін 
көтеру:  «Шын  сорлы», 
«Сорлы  қазақ»,  «Туған 
жерім –Сасықкөл» 
Түсіндірмелі 
әдіс. 
Мәнерлеп  оқу.  Практикалық 
жұмыстар.  (Өлеңдерді  талдау.) 
Проблемелық 
сұрақтар. 
Қосымша материалдар бойынша 
хабарламалар. 
(Ғылыми 
материалдар ) 
Практикалық 
тапсырмаларға негізделген 
іздендіру сабағы   
3-сабақ:  «Арыстанға 
қарсы  ұмытылған  мендей 
ер..  Төңкерістен  кейінгі 
қызмет, 
шығармашылығы.Алаш 
қозғаласына 
қатысуы, 
дүниетанымыныдағы 
өзгерістер. 
Ұлтжанджы 
қлеңдері. 
М.Дулатовұа 
арнаулары, 
махаббат, 
табиғат 
лирикасы, 
т.б 
өлеңдерін талдау    
Мұғалім дәріс 
әңгімесі,Практикалық 
жұмыстар (өлеңдерді талдау ). 
Мінерлеп оқу.Салыстырмалы 
жұмыстар бойынша топтық, 
жұптық жұмыстар. Оқушылар 
реферат –баяндамасы 
(қысқаша). Мысалы: «Мағжан 
лирикалары– сұлулық 
символы». 2) Мағжан 
лирикаларындағы символизм, 
миф, фонтастика.  
Пікір қорғау, реферат 
қорғау сабағы. 
4-сабақ: 
«Қу  өмір 
қызығы  жоқ  қажытқан 
соң...» 
Поэмалары 
«Қорқыт»,  «Батыр  Баян» 
Түсіндірмелі 
әдіс, 
әңгімелер.  Пікірлесу,  шағын 
Инсценировкалы 
сабақ («Батыр Баяннан» 
инсценировка жасау) 


 
111 
(1922-1927ж.)  Ақынның  әр 
түрлі  тағдыр  шырмауында 
жүріп, 
өткен 
өмірді 
жырлауы. 
Поэмадағы 
көтерген мәселелері  
пікірталас, 
инсценировкалар 
көрсету. 
5- 
сабақ: 
«Кінәні 
жүрекке 
қойма 
маған...»Ақынның 
өмірі, 
аянышты  тағдыры  туралы 
сыр...  Шығармашылығын 
қорытындылау.  
Мағжанның 
символдық, 
философиялық, 
трагедиялық 
жырлары, 
өлеңдеріндегі 
мистика, 
фонтастика 
сарындары, 
реализм,  фольклорды  жете 
пайдалануы, Еуропа, Батыс 
әдебиетінің, 
орыс 
әдебиетінің  үлгісін  қазақ 
әдебиетіне молынан әкелуі. 
Бай, 
поэтикалық 
тілі, 
ұлылығы  айналасында  сөз 
қозғау,  аударма,  мақала, 
прозаларына 
шолу.(«Шолпанның 
күнәсі»  әңгімесі,  «Ақан 
сері», 
Наурыз 
туралы 
мақалалары 
т.б) 
Әдебиеттегі 
Мағжантану 
ғылымына шолу жасау.  
Естелік, 
қосымша 
материалдар  бойынша  оқушы 
хабарламасы. 
Әңгіме-дәріс. 
Ғылыми  мақалалар  бойынша 
топтық 
жұмыстар. 
Оқушылардың 
толғау-
мәселелері.  
1. 
«Мені  де,  
өлім әлдиле ?» (аянышты 
өмірі туралы) 
2. 
«Азамат, 
анау 
қазақ 
қаным 
десең...»  (Мағжан  –ұлт 
жанды потриот ақын.) 
3. 
«Мағжанды 
сүйемін,  Европалығын, 
әшекейін 
сүйемін» 
(поэтикалық 
тіліне 
талдау) 
Сыр 
толғаулар 
сабағы. 
       
 
     Мағжанның  өмірі,  шығармашылығы  -  тікелей  сол  өзі  өмір  сүрген  дәуірдің 
картинасы.  Әрине,  жазықсыз  репрессияға  ұшырауы,  оның  басты  себебі  туралы  айтқанда, 
пәнаралық байланыс, әсіресе, тарих пәнімен ұштастыру міндетті түрде керек. Тіпті 1-сабақтың 
өзін  оқытуға  негізделген  дуэт  сабақ  ретінде  (тарих  пәні  мүғалімімен  бірлестіре)  өтуге 
болады.  (Дуэт  сабақтар  туралы  осы  еңбектің  «Сабақ  түрлері,  үлгілері»  деген  тақырыбында 
арнайы  сөз  болады.)  Мағжан  өмір  сүрген  төңкеріске  дейінгі  кезең  —  патшаның  отарлау 
саясатының әбден асқынып тұрған уақыты еді. Ұлтжанды  ақын, көзі ашық, оқыған акын 
бұл  трагедияға  ат  үсті  қарамады.  Сондықтан  оның  1912  жылы  шыққан  «Шолпан» 
жинағындағы  көптеген  өлеңдер  осы  отарлауға  қарсы  жазылған  (Ахмет,  Міржақыпта  да 
солай.) Оған дәлел ретінде сол  жинақта  басылган  «Туған  жерім  -  Сасықкөл»  өлеңің  алуға 
болады.  Ал  төңкерістен  кейінгі  көптеген  өлеңдері  ақынның  Алаш  туралы,  ұлт-азаттық, 
бостандық  туралы  толғаныстарына  негізделген.  Мағжан  Қазан  төңкерісін,  елдегі 
жағдайларды  құшақ  жайып  қарсы  алмады.  Ақын  өлендеріндегі  элегиялық  сипат,  кейде 
торығу себептерін білу үшін, тарихи шындықты оқушыға тұжырымды түрде  әңгімелеу, 
еске түсірудің маңызы ерекше. Тарих пәні  мұғалімі ақын өмір сүрген қоғам бейнесінен 
сыр  шертсе,  әдебиетші  мұғалім  оның  ақын шығармашылығына  әсерін  түсіндірер еді. Осы 
әдіс тек Мағжанға ғана байланысты емес, басқа да акын-жазушылар өмірі, шығармашылығын 
оқыту барысында  ерекше  назар  аударып,  пайдаланатын  әдіс.  Мағжан  поэзиясындағы 


 
112 
символизм,  миф  туралы  сөз  қозғағанда  да,  орыс  әдебиетіндегі,  Батыс  әдебиетіндегі  әр 
түрлі  әдеби  ағын,  бағыттар,  оның  ақынға  әсері  сол  пән  мұғалімдерімен  бірлесе  шешілу 
керек.  Оқушыға  жан-жақты,  әрі  терең  білім  беруде  осы  мәселелердің  маңызы  зор. 
Сонымен,  суреткер  өмірі  мен  шығармашылығын  өтуде  пәнаралық  байланыс, 
интегративтік оқытудың өзіндік орны бар. Өмірбаяндық шығармаларды да пайдалану тиімді 
болмақ.  Мысалы,  Сәкен  («Тар  жол,  тайғақ  кешу»),  Сәбит  («Өмір  мектебі»,  «Есею 
жылдары»),  т.с.с.  өмірін  өткенде,  сол  тарихи  шығармалар  бойынша      оқушыларға   
қысқаша хабарлама-әңгімелер жасатудың, мұғалімнің өзінің де керекті жерінде оларды 
негізге алып, оқытуының маңызы зор. Оқушылар хабарламасы құрғақ сөз, әңгіме ғана емес, 
суреттермен,  иллюстрациялармен  байланыстырылса,  кейде  шағын  инсценировкалар,   
көріністермен   ұштастырылса, бұл жұмыстың тиімділігі арта бермек. Сонымен бірге ақын-
жазушы туралы көркем тарихи шығармалар, эпопеялар да  пайдаланылады.       Мысалы, 
10-сыныпта Абай өмірін оқыту  кезінде  оқушылар  алдына  «А бай  неге  халық  жағына 
шықты?»,  өзі  айтып  кеткендей,  «Неге  мыңмен  жалғыз  алысты?»  деген  проблемалық 
сұрақтар  қоя  отырып,  оған  жауап  ретінде  М.Әуезовтің  «Абай  жолы»  эпопеясының 
«Қайтқанда» бөлімі бойынша Қодар мен Қамқа өлімі окиғасынан инсценировка жасап,   
оған мүмкіндік болғанда, осы көріністі мәнерлеп оқуға болады. Абайды халыққа бастаған жол, 
халыққа  алып  келген  қасиетті  жол  -  халық  мұңы,  дала  тағыларының  күйініші  екендігіне 
оқушылардың назарын аудартуда  бұл жұмыстың маңызы зор болмақ.  Көптеген  ақын-
жазушылардың  өздері  туралы  жазған  өмірбаяндары  бар.  Мысалы,  Ғ.  Мүсіреповтің 
«Автобиографиялык  әңгімесі»,  Жамбылдың  өзі  туралы  айтқандары,  т.б.  материалдар 
баршылық.  Суреткердің  өмірбаянын  өзінен  артық  кім  біледі?  Сондықтан  бұл 
материалдарға  да  мұғалімдер  назар  аударуы  керек.  Ақын-жазушы  еліне  сырттай 
саяхат  жасау,  бар  болса,  мұражайына,  ескерткішіне  бару,  тіпті  алғашқы  сабақты  сол 
жерлерде  өту,  оларды  көрген,  дәмдес  болған,  немесе  шәкірті,  туысы  болған 
адамдармен кездесу сабағын ұйымдастырудың орны ерекше. Ал мұндай мүмкіндік болмағанда, 
мұғалім  оқушыларының,  үйірме  мүшелерінің  көмегімен  кабинетті  безендіріп,  өткелі 
отырған  суреткер  туралы  көрме  жасап,  сабағына  тиімді  пайдаланады,  сабақты  сол 
жерде  өткізеді.  Бұл  орынға  оқушыларды  алдын  ала  алып  келіп,  таныстырып,  ынтасын, 
кызығушылығын  арттыруға  болады.  Мысалы,  Абай  өмірі,  шығармашылығына 
байланысты мынадай материалдар пайдаланылады: 
1.  Абай киіз үйінің макеті («Абай мұражайы» атты  кітапшада бар). 
2.  а) Абайдың үрім-бұтағы таратылған кесте (сызбаны қолдан жасау керек); 
ә) суреттер, портреттер. 
 
3. «Абай жолы» эпопеясы бойынша салынған суреттер (осы кітапты суреттерді 
үлкейтіп салғызуға болады). 
4. «Абай еліне саяхат» атты стенд-көрме. 
5. «Абай әлемді шарлап кетті» атты карта-сызба (Абай 
шығармалары мен «Абай жолы» тараған елдер 
бойынша). 
6. «Абай  Құнанбаев.  Нені  міндетті  түрде  білу  керек?»  атты стенд  (тақырыптың  негізгі 
түйіні іріктелінген). 
7. 
«Абай»  операсы,  киносына  қатысушылар,  Абай  әндерін    айтушыларды 
бейнелейтін фотомонтаж. 
8. 
а) «Абайтану ғылымының негізін салушылар». 
ә)  «Абай  ақындығының  айналасы»  атты  фотомонтаж.  б)  «Абай  ақындығының  үш 
қайнар көзі» (суретті кесте- плакат). 
9. 
Абай шығармалары, М.Әуезов шығармаларынан 
көрме-витрина. 
10. «Абайдың нақыл сөздері» атты кесте-плакат. 
11. Оқушылар шығармашылығынан көрме. 


 
113 
а) Абай туралы төл туындылар (арнау өлеңдер, т.б.). 
ә) Суреттер, макеттер. 
б) Альбом, газеттер, т.б. 
Суреткер  өмірбаяны  көбінде  дәріс,  әңгіме  әдісімен  түсіндіріледі.  Оқушыларды 
жалықтырмау,  әрі  оларды  сабаққа тарту максатында мұғалім монологін, кіріспе сөздің өзін 
ерекше ойластырған жөн. Шебер де шешен сөйлеу, сөз ырғағы, мәнерлеп оқу, мәнерлеп айта 
білу өте кажетті мәселелер. 
Оқушы  эмоциясына  әсер  ету,  өтілгелі  отырған  автордың  әдебиеттегі,  халық 
өміріндегі  орнына  баса  назар  аударту  үшін,  шебер  ұстаз  әр  түрлі  әдіс-тәсілдерді,  оқу 
жабдығын, қосымша материалдарды үйлесімді сұрыптап алады.  Жазушының даусын 
күйтабақтан тындату немесе ол туралы небір тамаша пікірлерді, оған арналған өлеңдерді 
мәнерлей отырып, жатқа оку, әндерін тыңдатып алып, сонан соң  мүғалім өз монологін 
бастау сиякты әдіс-тәсілдер тиімді болмақ. Сабаққа эпиграф тандап ала білудің, сабақ 
түрін ізденудің маңызы зор. Мысалы, Абайдың өмірін түсіндірмес бүрын, эпипроектордан 
суретін (әр түсті) көрсетіп, ал экранда керініп тұрғанда, Абай әнімен бастап, Абай... деп 
жалғасып кететін көркем сөзі бар «Абай әндері» деген күйтабақтан үзінді тыңдатып, әрі 
қарай:  
          «Жүрегімнің түбіне терең бойла, 
            Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла. 
            Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім, 
             Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма», -деген Абай өлеңін өзі тебірене, 
мәнерлей оқи отырып, сабақты бастаса, сөз жоқ, мұндай сабақтың тартымдылығы, 
тиімділігі зор болмақ. 
Сондай-ақ, Сәкен туралы алғашқы сабақты «Тарпаң асау тұлпарым...», «Сыншыл, тәкаппар 
ақын...» немесе «Ақындар аққуы», «Поэзия Оқжетпесі», т.с.с. эпиграфпен өтуге болады. Кіріспе 
монологті  Г.Серебрякованың:  «Мен  Алатаудай  сымбатты  занғар  тауды  жер  жиһанда 
көрген жоқпын. Қазақстан - бай өлке, байтақ өлке, құнарлы жер де, мыңғырған мал да сонда, 
қазыналы кең де, тасқындаған өзендер мен көркемдігі жанды елітетін сұлу таулар да сонда, ең 
бастысы, онда табиғат артықша дарынды етіп жаратқан талапкер  жұрт бар. Мен таныған 
Сәкен Сейфуллин Қазақстанның бір бөлшегі сияқты», - деген пікірінен бастап, Сырбай 
ақынның атақты: 
Өлімге жан екенсің қия алмайтын,  
                  «Қазақты көргің келсе, міне, осы деп,  
                   Көрсетсе жер жүзіне ұялмайтын», - 
деген өлеңімен жалғастырып, ары қарай Сәкеннің өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқи отырып, 
сабақты  алып  кетуге  болады.  Немесе  суреткер  туралы  пікір,  бағалар,  оларға  арналған 
өлеңдерден әдеби монтаж жасап (оқушылармен), сол арқылы да сабақтың кіріспесі жүргізіледі. 
Ақын-жазушы  туралы  дәріс  әдісі  жетекші  рөл  атқарғанда,  мұғалім  дәрісінің  жоспар-
тезисімен  таныстырады,  керекті  мәселелерді  жазғызады,  сұрақтар  қойып,  алдын  ала 
берілген  тапсырмалар  бойынша  оқушыларды  қатыстырып  отырады.  Тапсырмалар  естелік, 
хаттар,  бағаларға,  басқа  да  косымша  материалдарға  негізделеді.  Олар  хабарлама,  қысқаша 
баяндама,  дәйексөз,  үзінділер  түрінде  болып  келеді,  т.с.с.  Сондай-ақ,  дәріс,  сабақтың  ара-
арасында ақын-жазушы өмірінен инсценировкалар көрсету (ең маңызды кезеңінен). Мысалы, 
Сәкеннің Колчак түрмесінде болуын «Қызыл сұңкарларынан» қысқаша үзінді керініс беру 
аркылы түрлендіру,  «Жас  қазақ  марсельезасын»  әнімен  күйтабақтан  тыңдату  әдістері тиімді 
болмак.  Қорытынды  сабақ  семинар,  пікірталас,  конференция,  концерт,  емтихан  сабағы  түрінде 
өтіледі, т.с.с. 


 
114 
   Сабақ үлгісі, әдіс-тәсілдер сынып ерекшелігі, қабілеті, сондай-ақ тақырып ауқымы, оньщ 
өзіндік  сипат,  ерекшелігіне  байланысты  ойластырылып  алынады.  Жазушы  өмір-баянын  өтуге 
байланысты сөз етілген жоғарыдағы мәселе-лердің барлығы - әдістемелік нүсқау, багыт-бағдар. 
Оны  мүғалім  өз  жагдайы,  сыныптың  күй-жайына  байланысты  тқімді,  қонымды  дегендерін 
саралап  алады.  Балаға  білім  мен  тәрбие  берудегі  тиімділік  идеясы  (оптимизация)  әр 
мүгалімнен  осыны  талап  етеді.  Ақын-жазушы  өмірбаянын  окытуда  үй  тапсырмаларын 
іздендіру,  шығармашылық  бағытта  беруге  назар  аударылады.  Мысалы,  Шоқанның 
достарымен жазысқан хаттары бойынша «Мен Сізді сүйемін...» атты шығарма-эссе немесе 
оқушылар  қалауы  бойынша Шоканға хат жазылу тапсырылады. Сөзбен ақын-жазушы  мүсінін, 
ескерткішін  салу,  өлеңдер  жазу  (әрине,  кабілеті  негізінде),  т.б.  тапсырмалар  орындатуға 
болады. Сондай-ақ қорытынды сабақ кезінде осы «Мен Сізді сүйемін...», немесе «Болмасаң да, 
ұқсап бақ...» тақырыбында  Шоқанның  қандай  касиеттері,  мінезі  өзіңе  ұнайды,  сол  бойынша 
шағын  әңгіме-пікірге  дайындалу  немесе  Шоканнан  алған  әсері  туралы  шығарма-талдау  жазу, 
Шоқан атынан болашаққа хат жазуды да «Мен Сізді сүйемін...» тақырыбында беруге болады. 
Оқушыларға мынадай сұрақтар» беріп, пікірін дәлелді түрде қорғай сөйлеу талап етіледі. 
Ш о қ а н   т у р а л ы   қ о р ы т ы н д ы   с а б а қ :  
1. Қалай ойлайсың, Шоқанның қай саяхаты бүкіл өміріне, еңбектеріне ерекше әсер етті? 
2. Шоқан туралы қай орыс достарының пікірі, бағасы ерекше құнды? 
3. Шоқанның қай ғылым саласында артына қалдырған мұрасы ерекше маңызды? 
Осындай тапсырмалар Ы. Алтынсарин туралы қорытынды сабақта да берілді. 
1. Ыбырайдың педагогикалық мұрасының қазіргі қазақ мектептері үшін маңызы бар ма? 
2. Ыбырай әңгімелеріндегі халықтык педагогика, тәрбие мәселесі, оның өміршеңдігі туралы 
не айтар едің? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   182




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет