107
терең сырлы монологтер жазылғаны үлестірме-тапсырмалар арқылы жазушы
шеберлігі талданды.
Трагедияның көркемдік ерекшелігі ретінде сәтті шыққан монологтер, диалогтермен
қоса, халық мақал-мәтелдерінің де өз орнын тауып түрғанын, пьесаның өн бойы қайнаған
тартысқа толы екендігі айтылды.Әуезовтің тамаша аудармалары туралы қысқаша әңгіме-
лекция арқылы түсінік беріледі.
Фотомонтаж арқылы Әуезов аудармасы бойынша Отелло, Хлестаков, Яровая
рөліндегі қазақ өнер тарландарының суреттері көрсетілді.
Үйге тапсырма оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға негізделді.
Сыныптағы үш қатарға жеке-жеке жұмыстар берілді. 1 -қатар оқушылары «Еңлік -
Кебекке» киносценарий жазып келуі керек (таңдаған актілері бойынша); 2-қатар -
«Абай» трагедиясына киносценарий жазуға тиіс (таңдаған актіге); 3-катар «Түнгі
сарын» трагедиясына киносценарий жазады (IV актіге). Кейбір оқушыларға өздеріне
ұнаған пьесалар бойынша диалог, монологтерді мәнерлеп оқуды тапсырдық.
Достарыңызбен бөлісу: