108
кезеңдеріне тоқталады. Халық үшін «мыңмен алысқан» ұлы ақын өз балаларын сол
«Халық ұлы, адам ұлы» болу үшін тәрбиелегенін, әсіресе, Әбішінен үлкен үміт күткенін,
бірақ Әбіш қазасы ол үмітті үзіп, ақынды орны толмас қайғыға ұшыратып, қолына қағаз
алғызғанын әңгімелеудің тиімділігі зор. Оқушылардың қызығушылығын арттыру, танымын
дамыту мақсатында М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясынан мысалдар келтірудің де
маңызы бар. Мысалы, Абайдың «Өзімді ғана сүйсіндірмес, тірі болып, сау болса, халқын да
сүйсіндірер. Қараңғы сахарасына жарық сәуле әкелер алғашкы адал буын сен
болармысың!» деген Әбіш туралы толғауын немесе «Қапыда» бөлімі бойынша Әбіштің
кайтыс болар алдындағы әкесіне жазған коштасуын оқып беруге болады. 5-8-сыныптарда
суреткердің бүкіл өміріне тоқтаудың қажеті жоқ. Өміріне тұжырымды түрде шолу
жасап, әсіресе, оқығалы отырған шығармаға байланысты мәселелерге ғана көбірек
көңіл бөлу керек.
Тәжірибеде суреткер өмірбаянына арнайы сағаттар бөліп, шығармашылығын талдау
алдында оқыту және оны шығармашылығымен қоса, хронологиялық жүйемен оқыту орын
алған. Орыс әдебиетін оқытуда соңғы тәсіл кең орын алады. Ал қазақ өдебиетін окытуда бұл
соңғы тәсіл кей жағдайда
келе бермейді, оның басты себебі жазылып қалған деректердің болмауы,
тағы басқа себептері бойынша ақын-жазушының өмірі, шығармаларының дүниеге
келуінін нақты мерзімі белгісіз болуы. Жоғарыда айтылғандай, арнайы сарат бөліп,
суреткер өмірі, шығармашылығына қысқаша шолу жасаудың тиімділігі де бар. Егер
мұғалім қосымша материалдар пайдалана отырып, кең көлемде суреткермен алдын
ала таныстырып, оның тек өмірі ғана емес, азаматтық тынысы, халқына сіңірген еңбегі,
өмір сүрген ортасына байланысты әр қилы өмір жолы, жеке басының қуаныш,
қайғысы жайында ұтымды сөз қозғай білсе. Мысалы, Ахмет Байтұрсынов, Мағжан
Жұмабаев, Шәкәрім Кұдайбердиевтерді өтуде осы тәсіл тиімді болмақ. Себебі,
халқымен жаңа табысқан бұл боздақтардың трагедиялық әрі бақытты өмірлерін,
жазықсыз жапа шегулерін, коммунистік идея мен сталиндік сұмдықтың құрбандары
болғандарын жан-жақты түсіндірудің арнайы маңызы ерекше.
Осы мәселелерге тоқталмай тұрып, шығармаларын талдау дұрыс емес.
Олардың барлық шығармаларында өмірлерінің ізі, сыры жатыр. Суреткер өмірбаянын
өтуде оның өмір кезеңдерінің басты оқиғалары, оларға байланысты туған шығармалары
туралы маңызды мәліметтерді жинақтап, хронологиялық кесте жасап, пайдалануға бол
Үлгі:
Достарыңызбен бөлісу: