Тапсырма. Топ болып жеке еңбек шартының үлгісін талдаңыздар.
Ресми құжаттарға заң, жарғы, жарлық, қаулы-қарарлар, мемлекетаралық
шарттар, дипломатиялық ноталар, үндеу және т.б. жатады. Ресми құжаттардың
да белгілі бір қалпы бар, жазылғанда сол қалыптан ауытқымау керек. Ресми
құжаттарда саяси-публицистикалық лексика, әкімшілік терминдер мол
қолданылады. Логикалық жүйелі құрылған ой құрмалас сөйлемдер арқылы
беріледі. Ресми құжаттардағы сөйлемдердің құрылымы күрделі болып келеді.