Және Редакциялық баспа кеңесі ұсынған



Pdf көрінісі
бет17/91
Дата31.12.2021
өлшемі1,56 Mb.
#21478
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   91
Байланысты:
Ғылыми-стиль-кәсіптік-қаз-тілі

Ғылыми стиль 
 
       1. 2. 4. Ғылыми стиль туралы түсінік 
 
      Функциональдық  стильдің  бір  түрі  -  ғылыми  стиль.  Ғылыми  стильге 
ғылымның әр саласына  қатысты жазылған ғылыми еңбектер кіреді. Белгілі бір 
ғылыми  еңбектің    зерттеу    нысаны  болған  зат  немесе  құбылыс  ғылыми 
негізделіп,  сипаттауды, дәлелдеуді  қажет  етеді.  Ал  негіздеу  ғылыми  сипаттау, 
ойлау  арқылы  жүзеге  асады.  Дұрыс  ойлап,  пікірдің  дұрыстығын  дәлелдеу, 
әрине,  логикаға  (қисын)  тікелей  байланысты.  Логикалық  жүйелі  ой 
қорытындысы  -  ғылыми  стиль  мәтіндерінің  басты  ерекшелігі.  Ғылыми  еңбек  
сол ғылым саласының белгілі бір  заңдарына,қағидаларына бағынады, ал оған 
негізделген ой қорытындысы нақты, жүйелі әрі қисынды болады. 
      Жазба  стильдің  басқа  түрлері  сияқты  ғылыми  стиль  де  жалпы  халықтық  
әдеби  тілде  жазылады.  Бірақ  тілдік  тәсілдерді  пайдалануда,  әрине,  өзіндік 
ерекшеліктері  бар.  Ғылыми  стиль  өз  ішінде  шағын  стильдерге  бөлінеді.  Бұл 
мәселе  орыс  тіл  білімінде  былай  қарастырылады:  "  …в  научном  стиле  можно 
отнести  следующие  типы  текстов:  1.Академические  (собственно-научные) 
тексты  представленные  следующими  жанрами:  монография,  статья,  тезисы, 


 
14 
диссертация,  научно-технические  отчеты,  доклады,  научные  сообщения, 
выступление.  2.  Информационно-реферативные  (жанры:  реферат,  аннотация,); 
3.  Справочно-энциклопедические  (жанры:  словарь,  справочник  и  т.  д.);                
4.  Научно-оценочные  (жанры:  рецензия,  отзыв,  экспертное  заключение, 
полемическое  выступление);  5.  Научно-учебные  (жанры:  учебник,  учебные 
пособия,  лекция);  6.  Научно-инструктивные  (инструкция,  руководство, 
памятка,  рекомендации);  7.  Научно-деловые  (жанры:  патент,  авторское 
свидетельство  описание  изобретения,  заявка,  акт,  постаноление,  решение, 
отчет)".  Ал    қазақ  тілінде    ғылыми  стиль  шартты  түрде  былай  бөлінеді:    таза 
ғылыми  стиль, ғылыми-оқулық  стиль, ғылыми-көпшілік  стиль. 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет