3. 3. Ғылыми мәтінде сан есімнің қолданылуы Сан есім көбінесе анықтауыш қызметінде жұмсалады.
Цифр арқылы жазылатын саннан кейін ешқандай белгі қойылмайды:
10 студент, 3 адам, 25 кітап.
Егер реттік сан есім болса не қазақ тілінің қосымшалары жалғану керек
болса, дефис (-) арқылы жазылады: 5-сынып, 10-пәтер, 5-қатар.
34
Егер сан есім жылды, күнді білдірсе, арасына (-) дефис қойылмайды:
1999 жыл, 25 наурыз, 2003 жыл.
Рим цифрынан кейін ешнәрсе қойылмайды: ХХІ ғасыр, ІІІ тарау.