Және Редакциялық баспа кеңесі ұсынған



Pdf көрінісі
бет34/91
Дата31.12.2021
өлшемі1,56 Mb.
#21478
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   91
Байланысты:
Ғылыми-стиль-кәсіптік-қаз-тілі

айтыңыз. 
 


 
33 
      Қазақстан  жерінде  экологиялық  таза,  қауіпсіз  энергия  көзін  пайдалану 
үшін  көп  мүмкіндіктер  бар.  Ең  алдымен  тау  өзендерінің    суын 
гидроэлектростанцияларда  пайдалануға  болады.  Энергетикалық  ғылыми-
зерттеу  институтының    есептеуі  бойынша  республикамызда  электр  көзін 
жиырма  миллиондық  қуатты  су  көздерін  пайдалану  арқылы  алуға  болады 
екен. Бүгінгі  энергия тапшылығын  осы әдіспен ғана қалыптастыруға болары 
анық. ГЭС-тер үшін қажетті құралдарды  басқа жақтан әкелудің  қажеті жоқ, 
барлығын  да  өзімізден  табуға  болады.  Дүние  жүзі бойынша  кішігірім  қуаты 
он  мың  киловатт  ГЭС-тер  барлық  атом  станцияларының  беретін  қуатынан 
төрт  есе  артық  қуат  бере  алады  екен.  Тіпті  көптеген  елдер  күнді,  суды 
пайдалану  әдістеріне  көшкелі  қашан?    Бес  миллион  жапондықтар  күн 
сәулесіне  қыздырылған суға шомылады. Израильдің  сегіз жүз мың үйі күн 
сәулесіне қыздырылған сумен жылытылады. АҚШ-та он бес мың отбасы күн 
батареялары  арқылы  тұрмыстық  қажеттіліктері  толық  өтелетін  үйлерде 
тұрады. Мұндай құрылымдар мен құрылыстар  жыл сайын  20%-ға өсіп отыр. 
Қазақстан  күн  сәулесін    ең  көп  көретін  елдер  қатарына  жатады.  Сондай-ақ  
жердің  кеңдігіне  байланысты  Қазақстанда  желді  аймақтар  да  аз  емес.  Жел 
және күн қуаттарын пайдалану, әсіресе, шалғайдағы мал жайылымдары үшін 
өте пайдалы. Біздің ғалымдар алдағы уақытта осы технологияларды дамытып, 
өндіріске енгізсе, жылудың, электр қуатының тапшылығынан арылар едік. 
                             
 
 
 
 
             


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет