Және Редакциялық баспа кеңесі ұсынған



Pdf көрінісі
бет37/91
Дата31.12.2021
өлшемі1,56 Mb.
#21478
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   91
Байланысты:
Ғылыми-стиль-кәсіптік-қаз-тілі

әңгімелеңіз. 
2. Мәтінде  көтерілген мәселе туралы өз ойыңызды ортаға салыңыз. 
 
       Ғылыми  мәтінде  есептік,  реттік,  бөлшектік  сан  есімдер  жиі 
қолданылады.    
       Есте сақтаңыз! 
Пайыз  -  процент;  шаршы  метр  -  квадратный  метр;  текше  метр  -
кубический метр;  
дәреже - степень; деңгей - уровень. 
 
                                             Байқоңырдың тарихы 
 
      Байқоңыр  тарихы  1955  жылдың  12  қаңтарынан  басталады.  Сол  күні 
космодром  салушылардың  алғашқы  легі  шойын  жолмен    Қызылорда 


 
36 
жеріндегі Төретам бекетіне келіп жеткен еді. Ертеңіне болашақ ғарышкерлер  
қаласы Байқоңырдың алғашқы қазығы қағылды. Ол 1957 жылы пайдалануға 
берілді. Сол жылы 15 мамырда  1-ракета ғарышқа ұшты. 1957 жылы 4 қазанда 
тұңғыш  жасанды  жер  серігі  ғарышқа  бет  алды.  Бірінші  ғарышкер  Юрий 
Гагарин де 1961 жылы 12 сәуірде осы космодромнан ғарышқа ұшты.  
    «Байқоңыр»  ғарыш  айлағының  кешені  бөлек-бөлек  орналасқан  9 
космодромнан  тұрады.  Қазір  олардың  үшеуі  ғана  жұмыс  істеп  тұр.  Оның 
аумағы 4,8 шаршы шақырым, зымырандардың құлау аумағы  6 млн.717 мың 
гектар. 
       Бірінші ғарышкер ұшардан жарты жылдан астам бұрын 1960 жылдың 24 
қазанында  космодромда  ең  алғашқы  апат  болды.  Баллистикалық  ракетаны 
ұшыру кезінде өрт болып, 124 адам қаза тапты. Одан кейінгі қайғылы оқиға   
1983 жылы 28 қыркүйекте болды: бортында екі ғарышкер Виктор Титов пен 
Владимир Стрекалев бар «Союз» ғарыш кемесі ұшар алдында  жарылды. 
      «Байқоңыр» ғарыш айлағы қызметі басталғалы бері 1200-ден астам ғарыш 
аппараттары  және  1200-ге  жуық  континентаралық  баллистикалық 
зымырандар  ұшырылды.  Осы  мерзім  ішінде  ядролық  қаруы  бар  70 
зымыранның ірі апатына жол берілді. Олардың ішінде  «Протон», «Циклон» 
және «Рокот» деп аталатын адам денсаулығы үшін аса қауіпті гептил отынын 
пайдаланатын зымырандар бар. Арнайы комиссияның есебіне қарағанда, тек 
қана Ұлытау ауданының аумағына 300 тоннадан астам гептил шашылған. 
       Соңғы  жылдарда  болған  үлкен    апаттардың  бірі  -    «Протон»  ғарыш 
кемесінің аспанда жарылып, қалдықтарының елді мекендерге құлауы. Ол бес 
рет  қайталанды.  Онда  ғарыш  кемесі  сынықтарының  елді  мекендер  үстіне 
жауғанына  қоса,  аса  қауіпті  гептил  отыны  атмосфераға  тарап  кетіп,  табиғат 
пен адамдар  денсаулығына өлшеусіз зиян келтірді. 
      1994  жылғы  Қазақстан  мен  Ресей  мемлекеттерінің  арасындағы  келісім-
шартқа  сәйкес    айлақ  Ресей  еліне  20  жыл  мерзімге  жалға  берілген.  Олар 
жылына  біздің  елімізге  жал    ақысы  ретінде  115  миллион  АҚШ  долларын 
төлеп тұруы тиіс. 
 
      1.  Мәтінді  оқып,  сан  есімдердің  мағыналық  түрлерін  анықтап, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет