73
Пікір
Н.Р.Күнхожаевтың «Қазіргі Қазақстанның экономикасы: қазіргі жағдайы
және болдашағы» деп аталатын қосымша оқу құралына жазылған.
Оқу құралы 1997 жылы шыққан. Еңбек 117 беттен, 20 кесте, 10 суреттен
тұрады. Автор Қазақстанның қазіргі кезеңдегі экономикасын төрт бөлімге
бөліп қарастырады. Бірінші бөлімде автор Қазақстанның қазіргі кездегі
экономикалық жағдайын салыстырмалы түрде көптеген кестелік мәліметтерді
келтіре отырып түсіндіреді. Яғни, сандық көрсеткіштерді дәлелді қолдана
отырып, еліміздің өтпелі кезеңдегі саяси-әлеуметтік, экономикалық
жағдайына оқушы назарын аударады. Екінші бөлімде автор Қазақстанның
жақын шет елдермен экономикалық қатынасын, үшінші бөлімде алыс шет
елдермен
экономикалық
қарым-қатынасын,
олардың
Қазақстан
экономикасына тигізген оң әсерін нақты деректер, сандық көрсеткіштер
келтіру арқылы баяндайды.
Автор еңбектің соңғы бөлімінде еліміздің болашағына болжау айтады,
яғни, бұл бөлімді Қазақстанның 2030 жылға дейінгі стратегиясына арнайды.
Жалпы орта мектептің 9-11 сыныптарына арналған қосымша оқу құралы
оқушыларға еліміздің экономикалық жағдайы, бүгіні мен болашағы, жақын
және алыс шет елдермен экономикалық байланысы туралы нақты және
дәлелді мәліметтер алуға көп көмек береді Автордың тілі мектеп
оқушыларына түсінікті, жеңіл, жатық. Оқулық оқу құралдарын жазуға
қойылатын талаптарға сай жазылған. Көптеген жақсы жақтарын ескере
отырып, толықтырып жоғары оқу орындарына арнап шығаруға болады деп
ойлаймын.
Пікір иесі:
74
3. Ғылыми стильдегі сипаттама және талдау мәтіндері
Ғылыми стильде белгілі бір ғылыми мәтінге (түпнұсқаға) жазылатын
талдау, сипаттау мәтіндері де болады. Ондай мәтіндерге жоспар, тезис,
конспект, пайымдау мәтіндері жатады. Мұндай мәтіндер ойдың қысқа, нақты
тұжырымды, дәлелді, ғылыми негізді, қисынды берілуіне ықпал етеді.
Жоспар ғылыми мәтінді жүйелі, қысқа, тұжырымдауда үлкен рөл
атқарады. Автор ғылыми еңбекті жазу я баяндау барысында міндетті түрде
жоспарға жүгінеді. Жоспар құру ғылыми мәтінде қаралатын басты
мәселелердің белгілі бір тәртіппен жүйелі түрде берілуін қамтамасыз етеді.
Жоспар автор ойының нақты, жүйелі берілуіне негіз болады.
Достарыңызбен бөлісу: