Және Редакциялық баспа кеңесі ұсынған


мағыналық жағынан тақырыпшаларға бөліңіз



Pdf көрінісі
бет70/91
Дата31.12.2021
өлшемі1,56 Mb.
#21478
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   91
Байланысты:
Ғылыми-стиль-кәсіптік-қаз-тілі

мағыналық жағынан тақырыпшаларға бөліңіз. 
    Мәтіндегі негізгі және қосалқы ақпаратты  ажыратыңыз. 
 
                                                     Мәтін 
 
       Қазақтың бағына жарасқан екі теңізі бар десек, соның бірі сөз жоқ - Арал. 
Аралдың  қазіргі  жайы  мүшкіл.  Мұнда  қазір  бұрынғыдай  балық,  шаяндар, 
моллюска, туфелька, амеба секілді теңіз жәндіктері  көп деуге келмейді. 


 
78 
Суда  жүзетін,  суға  сүңгитін  құстар  да,  теңіз  жағалауында    жайқалып  өсетін 
өсімдіктер де, ол өсімдіктермен қоректенетін жәндіктер де  жоқтың қасы. 
Бұл әңгіме бұл күнде ешкімге таңсық емес. 
      Осы  күнге  дейін  теңізді  апаттан  алып    шығуға  байланысты  жүздеген 
жобалар ұсынылыпты. Өкінішке орай, ешқандай нәтиже болған жоқ. 
 
Қазіргі  уақыттағы  ғалымдарды  мазалаған  жағдай  -  Қызылорда,  Жамбыл, 
Алматы,  Қарағанды,  Шымкент,  Жезқазған  облыстарындағы  теңіз,  көл,  өзен, 
жерасты сулары деңгейінің 14 (он төрт) метрге дейін төмендеп кеткендігі еді. 
Осы  жәйттерді  қалпына  келтіру  барысында  талас-тартыс  екі  жобаның 
төңірегінде  өрбіді.  Оның  бірі  -  Сібір  өзендерінің  суын  Қазақстан  мен  Орта 
Азияға әкелу, екіншісі - жерасты суларын бөгеп, Қазақстан өзендері суының 
деңгейін  көтеру  болды.  Қанша  қиын  болғанымен  біздің  жерасты  сулары 
секторының мамандары екінші жобаны мақұл көрді. Ол кездегі ғалымдардың 
мақсаты  -  Жамбыл,  Алматы,  Қарағанды  облыстарындағы  құмды  және  тың 
далалы  жерлерді  суармалы  егістіктер  мен  жайылымды  өрістіктерге 
айналдыру  еді.  Нәтижесінде  Шу  өзенінің  бойынан  "Тасөткел"  су  қоймасы 
жасалды,  Алматының  таулы  өзендері,  Талғар,  Қаскелең,  Ұзынағаш 
жылғалары  "Қапшағай"  су  қоймасына  тоғандалды.    Мұның  өзі  Жамбыл 
облысының    бірнеше  аудандарының  суармалы  егістіктерінен  жүгері,  қант 
қызылшасы, бидай,  қауын-қарбыздан мол өнім  алуға  ықпал  етті.  Оған дейін 
Алматы облысының шалғай аудандарындағы мал жайылымдарының суы мен 
топырағы сортаң еді. Мал жайылымдарының беткі қыраттары  ақ сортаңмен 
қапталып,  бидайық шөп, қой тікенек, түйе жаңғақ, шайыр, жусан, тасжарған, 
ажыратқы,  ысқа,  андыз,  қалқан  жапырақтан  өзге  шүйгін    өсімдіктер  сирек 
кездесетін.  Кейіннен  Бетпақ  дала,  Сарыарқа,  Ақсу-Жабағылы,  Мойынқұм, 
Нарынқол,  Сарыжаз,  Шонжа,  Қызылқұм,  Қарқаралы,  Баянауыл,  Егіндібұлақ 
өңірлерінде  жерасты  суы  деңгейінің  көтерілгендігінен  жайлаудың 
шүйгінділігі мен құнарлылығы артты. 
    Бірақ  мұның  Аралға  әсері  болмады.  Теңізге  құятын  Сырдария  мен 
Амудария өзендерінің Орта Азия мемлекеттерінен бастау алғанымен, көсіліп 
ағар  арнасына  жетер-жетпестен  мақта,  күріш  және  басқа  суармалы 
егістіктерге  жайылып  кетуінің  келеңсіз  екенін  кейін  түсіндік.  Жаздың  аптап 
тұрған  ыстық  шілдесінде  аңызақ  құрғақ  желдің  әсерінен  теңіздің  тұзды 
суының булану жылдамдығының күрт өсетінін кітаптан емес, өмірден көрдік. 
Тартылған  судың  орнына  борпылдақ  құм  мен  топырақ  аралас  тұз  қабаты 
қалды.  Жел  мен  құйынның  әсерінен  жеңіл  тозаң    атмосфераның  биік 


 
79 
қабаттарына көтеріліп, экологиялық "тұман" түзетіні белгілі. Ал бұл "тұман" 
жер бетінің түкпір-түкпіріне тарап, экологиялық апаттың көлемін кеңейтпесе, 
кемітпейді. 
      Қазіргі  уақыттағы  Аралдың  жайы  су  ресурстарын  тиімді  пайдалану 
арқылы, Арал теңізіне барып құятын өзендерге  күрделі гидрогеологиялық
 гидрохимиялық,  гидротехникалық,  мелиорациялық  жұмыстар  жүргізуімізді 
талап  етеді.  Әрбір  су  көздеріне  әлі  де  болса  жеке  тоқталып,  теориялық, 
практикалық,  салыстырмалы  есептеулер  жүргізу  керек.    Су  қоры,  ені, 
тереңдігі, ұзындығы, қазіргі кездегі жайы, бәрі-бәрі есепке алынуы тиіс. 
    Осыған  дейін  де  Аралға  байланысты  бірнеше  жобалар  болған.  Біреулер 
Арал  теңізінің  жағасына  жасыл  желек  ағаштар  отырғызса,  судың  жылдам 
тартылмауына  септігін  тигізер  еді  деген  де  ұсыныс  жасаған.  Бірақ,  құмды 
жерде ағаштар қалай өспек, суғарып тұрғанға суды қайдан алмақ  және т. б. 
сұрақтарға байланысты бұл мәселе аяқсыз қалды. 
     Кезінде  Аралға  Сырдария  өзенімен  қоса  Талас,  Шу,  Сарысу,  Торғай, 
Ырғыз өзендері құйған. Қазір олардың екеуі ғана  теңізді сумен қамтамасыз 
етеді. Соның өзінде толық емес, қалғаны құмға сіңіп кетеді. 
      Табиғатқа байланысты қандай жоба болмасын ол жобаның экономикалық 
та, экологиялық та жағдайлары ескерілгені дұрыс.   Жоба жүзеге асса, ұлттық, 
мемлекеттік, аймақтық, тіпті планеталық дерттен айығарымыз шындық. 
 
        Төмендегі үлгілерді негізге алып, жоспар құрыңыз. 
 
        1.   …   …    …                                     1.   …    …    … 
        2.   …    …    …                                          а. 
        3.   …    …    …                                     2.   …    …     …      
                                                                            а. 
                                                                            ә. 
                                                                       3.    …    …     … 
 


 
80 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет