33
1.7 сур. Клиент-сервер екі деңгейлік құрылымы
Қазіргі уақытта тұтыну-сервер құрылымы корпоративтік
деңгейдегі ақпараттық жүйелер мен жұмыс топтарына арналған
қосымшаларды ұйымдастыру тәсілі кең таралған. Мұндай
ұйымдастыру деректер базасы серверінің мүмкіндіктерін
пайдалану, желідегі жүктемені азайту және деректердің бүтіндігін
бақылауды қамтамасыз ету есебінен қосымшалар жұмысының
тиімділігін арттырады. Ақпараттың қауіпсіздігін арттыру барлық
тұтынушылардың сұрауларын өндеу серверде орналасқан
бірыңғай бағдарламамен орындалуымен байланысты.
Сервер ДБ пайдаланудың барлық пайдаланушылар үшін ортақ
ережелерін белгілейді, атап айтқанда бір жазбаны әртүрлі
пайдаланушымен өзгертуге тыйым сала отырып, тұтынушылардың
деректерге қолжетімділігі режимдерін басқарады.
Сонымен бірге тұтынушының қосымшаларда ДБ бақылаумен
және оған қолжетімділікті шектеумен байланысты кодтың
болмауы есебінен олардың күрделілігі азаяды.
Тұтыну-сервер құрылымының екі деңгейлік схемалары
пайдаланушылары көп және логикасы шатастырылған күрделі
ақпараттық қосымшаларда біршама мәселелерге әкелуі мүмкін.
Көп деңгейлі құрылымды пайдалану мұндай проблемалардың
шешімі бола алады.
Достарыңызбен бөлісу: