24
ақпараттық жүйені пайдалану мақсаты оларды шешуді толық
автоматтандыру, яғни адамның рөлін жоққа шығару болып
табылады. Мысалы, еңбекақыны есептеу міндеті – шешімдер
алгоритмі толығымен анық құрылымдалған міндет. Осы міндеттің
әдеттегі сипаты барлық есептеулер мен ұсталымдарды есептеу
қызметкерлердің көп саны үшін айсайын бірнеше рет
қайталанатындығымен анықталады.
Құрылымдалмаған
(нысандандырылмаған)
міндет
–
элементтерді бөлу және олардың арасындағы байланысты анықтау
мүмкін емес міндет. Құрылымдалмаған міндетті шешу
математикалық сипаттауды жасау мен алгоритмді әзірлеудің
күрделілігінен үлкен қиындықтармен байланысты. Мұндай
жағдайларда шешімді адам тәжірибе және, мүмкін, әртүрлі ақпарат
көздерінен алынған жанама ақпарат негізінде қабылдайды.
Кез келген ұйым жұмысының тәжірибесінде толығымен
құрылымдалған немесе мүлде құрылымдалмаған міндеттер
айтарлықтай көп емес. Міндеттердің көбісі туралы олардың
элементтері мен олардың арасындағы байланыстарының бөлігі
ғана мәлім деуге болады. Мұндай міндеттерді ішінара
құрылымдалған деп атайды. Мұндай жағдайларда ақпараттық
жүйеде алынатын ақпарат шешімді қабылдайтын адаммен
талданады.
Ішінара құрылымдалған міндеттерді шешу үшін қолданылатын
ақпараттық жүйелерді екі түрге бөледі:
1. Басқарушы есептерді жасауға және деректерді өндеуге
(іздеу, сұрыптау, біріктіру, реттеу) бағытталған. Мұндай есептерде
қамтылған мәліметтерді пайдалана отырып, басқарушы шешім
қабылдайды. Осы түрдегі ақпараттық жүйелер пайдаланушыны
ақпараттық қолдауды қамтамасыз етеді, яғни деректер
базасындағы ақпаратқа қолжетімділікті береді және қорытынды
ақпаратты
не
біріктірілген түрде не уақыттың ерікті
аралықтарындағы әртүрлі шамадағы салыстырмалы есептер
түрінде алу мүмкіндігіне ие.
2. Шешімнің ықтимал баламаларын әзірлейтін жүйе. Бұл ретте
шешімді қабылдау ұсынылған баламалардың бірін таңдауға саяды.
Ақпараттық жүйелер үлгі немесе сараптамалық бола алады.
Достарыңызбен бөлісу: