1.3. АЖ құрылымы Қазіргі ақпараттық жүйелер сақталатын және өнделетін
ақпараттың зор көлемімен, оны ұйымдастырудың күрделілігімен,
сондай-ақ
пайдаланушылардың
әртүрлі
талаптарын
қанағаттандыру қажеттілігімен сипатталады.
Деректерді ұйымдастырудың әртүрлі тәсілдері мен оларға
қолжетімділіктің әдістері бар. Ақпараттық жүйелердің дәстүрлі
құрылымдық шешімдері бөлінген файл-серверлерді немесе
деректер базаларының (ДБ) серверлерін пайдалануға негізделген.
Интернет технологияға негізделетін корпоративтік ақпараттық
жүйелердің құрылым нұсқалары да бар. Қазіргі уақытта «деректер
қоймасы» (DataWarehouse) тұжырымдамасына – әртекті
ақпараттық ресурстар енетін біріктірілген ақпараттық ортаға
негізделетін ақпараттық жүйе құрылымының өзге түрі бар.
Ғаламдық үлестірілген ақпараттық қосымшаларды құру үшін
ақпараттық-есептеу құрамдастарын объектілі-бағдарлы тәсілдеме
негізінде біріктіру құрылымы пайдаланылады.