1.4.
Ақпараттық жүйедегі процестер.
Ақпараттық жүйелерді пайдалану
1.4.1.
Ақпаратты өндеудің технологиялық процестердің
кезеңдері мен түрлері
Ақпаратты өндеудің технологиялық процесі қойылған мақсатқа
сәйкес оның пайда болу сәтінен бастап (жүйеге кіру)
пайдаланушымен тұтыну сәтіне дейін ақпаратты түрлендіру
бойынша өзара байланысты операциялардың кешені болып
табылады. Технологиялық процестер алуан түрлі және кезеңдер
мен операцияларға бөлінеді.
Технологиялық процестің кезеңдері – бұл оның логикалық
толықтығымен, кеңістіктік немесе шақтық оқшауланушылықпен
сипатталатын оның салыстырмалы дербес бөліктері. Кезеңдер
технологиялық операцияларға бөлінеді, олардың құрамымен және
орындау реттілігімен ажыратылады. Технологиялық процеске
бастапқы және негізгі кезеңдер енеді. Бастапқы кезеңде бастапқы
ақпаратты жинау, оны дайындау мен тіркеу және өндеуге табыстау
қамтамасыз етіледі. Негізгі кезеңде ақпаратты тікелей өндеу және
37
қажетті нәтижелерді алу жүреді.
Барлық кезеңде ақпаратты түрлендірудің растығы мен
толықтығына жету үшін операциялардың қажетті көлемі
орындалады. Бұл ретте ерекше назар аударатын объектілер болып
қорытқы ақпараттың түрлену уақыты мен сапасы табылады.
Ақпаратты түрлендірудің құрамы мен реттілігі бойынша мынадай
технологиялық процестерді ажыратады: ақпаратты жинау және
тіркеу, табыстау, қабылдау, тасығыштарға жазу, арифметикалық
және логикалық өндеу, қорытқы ақпаратты және шығыс есептерді
алу, оларды пайдаланушыға табыстау, шешімдерді қабылдау және
басқарушы әсерлерді жасау.
Механикаландыру және автоматтандыру дәрежесі бойынша
операциялар қол (бастапқы құжатты жазу), механикаландырылған
– техникалық құралдарды пайдаланумен, бірақ көбіне адаммен
орындалатын, автоматтандырылған – көбінесе техникалық
құралдармен орындалады, бірақ адамның да қатысуы болжанады,
автоматты – адамның қатысуынсыз өтеді. Технологиялық
процестегі рөлі бойынша жұмыс және бақылаушы операцияларын
ажыратады. Жұмыс операциялары шеткі нәтижені алуды, ал
бақылаушы операциялары – жұмыс операцияларының сенімділігін
қамтамасыз етеді.
Ақпаратты
жинау,
талдау
және
өндеу
тәсілдері
құрылымдалған
және
құрылымдалмаған
деректер
үшін
өзгешеленеді. Қазіргі уақытта ең жетілген болып (ақпаратты
өндеу және талдау тұрғысынан) құрылымдалған деректерді
өндеудің
бағдарламалық
құралдары
табылады,
өйткені
құрылымдауды бастапқы және ең қиын нысандандырылатын
өндеу деп есептеуге болады.
А қ п а р а т т ы қ а ғ ы н — ақпараттың белгілі бір бағытта
кеңістік пен уақыттағы қозғалысы процесінде қараларын
ақпарат (деректер тобы). Бұл деректердің ортақ дереккөзі және
ортақ қабылдағышы бар. Мәндік құрылымдық элементтерден
тұратын ағынды хабарлама деп атайды. Ақпараттың әрекеті
қандай да бір жағдаятта белгісіздікті азайтуға немесе жоқ
қылуға бағытталған. Мысалы, басқару ақпараттық жүйелерде
міндеттердің бірі болып өндірістің жағдайын айқындау мен
шешімді қабылдау үшін қажетті ақпаратты басшылыққа
табыстау табылады.
Ақпаратты жасау, жинау, беру және тұтыну процесінде
ақпаратты пайдаланған кезде ақпаратты құжаттау немесе құжат
ұғымы үлкен мәнге ие. Көптеген жағдайларда ақпарат құжат
түрінде шығады, тек қана деректер пайдаланылатын ақпараттық
ағындардың бөлігін жоққа шығарады (мысалы, технологиялық
процестерді
басқарудың
автоматтандырылған
ақпараттық
жүйелерінде ақпарат датчиктердің көрсетілімі түрінде туып,
38
технологиялық жабдыққа басқару сигналдар түрінде өнделеді,
беріледі және тұтынылады).
Ақпаратты қ ұ ж а т т а у деп сөздің кең мағынасында кейбір
пән саласы бойынша ақпараттың (деректердің) бірлік мәндік
бөлігін бөлуді, оған дербес рөл берумен (аты, мәртебесі,
деректемелері және т.б.) осы бөлікті даралауды түсінеді.
Құжаттау процесі ақпаратты ақпараттық ресурстарға –
ақпараттық жүйелердегі жекелеген құжаттарға немесе құжаттар
ауқымына айналдырады.
Қ ұ ж а т а й н а л ы м ы — құжаттарды жасау немесе алу
сәтінен бастап оларды өндеу мен пайдалану сәтіне дейін
құжаттардың өту реттілігі. Құжат айналымына құжаттармен
жұмыс кешені енеді: қабылдау, тіркеу, тарату, орындалуын
бақылау, істерді құрастыру, сақтау және құжаттаманы қайтадан
пайдалану. Ұйымды тиімді басқару және оңтайлы шешімдерді
қабылдау үшін қарамағында кең және рас ақпараттың болуы
талап етіледі. Бұған қазіргі уақытта тек ақпараттық ағындарды
автоматтандыру құралдары мен әдістерінің көмегімен ғана
жетуге болады. Бұл үшін құжат айналымының негізгі
қағидаттарына сүйену қажет:
— құжаттарды оңтайлы және уақытылы жасау;
— құжатты бір мағыналы сәйкестендіруге мүмкіндік
беретін құжатты бір рет тіркеу, құжаттардың қайталану
мүмкіндігін болдырмау;
— ұйымның шаруашылық қызметінің барлық түрлерін
құжаттармен ретті қамту;
— құжаттардың өзара байланысы және оңтайлы өндеу;
— құжаттардың өту жолдарын қысқарту.
Ақпараттық жүйеде, ақпаратты жинауда бастапқы құжаттар
қызмет ететіндері ақпарат көзі болып табылады. Туынды
құжаттар кіріс ақпаратты тікелей көрсететін
бастапқы
құжаттардың негізінде құрылады. Шеткі құжаттар (шығыс
құжаттар) ақпаратты өндеу нәтижелері болып табылады және
басқару объектісіне тікелей әсер етеді.
Сонымен, ақпаратты өндеудің технологиялық процесі деп
ақпараттың пайда болу сәтінен бастап берілген нәтижелерді
алғанға дейін қатаң белгіленген кезектілікпен орындалатын
өзара байланысты әрекеттердің ретке келтірілген реттілігін
атауға болады. Ақпаратты өндеудің технологиялық процесі
шешілетін міндеттердің сипатына, қолданылатын техникалық
құралдарға, бақылау жүйелеріне, пайдаланушылар санына,
қабылданған құжат айналымына және т.б. тәуелді.
|