34
1.8 сур. Тұтынушы-сервер үш деңгейлік құрылым
Пайдаланушылар компьютерлерінің төменгі деңгейінде орташа
деңгейде қосымшаны шақыртуға арналған бағдарламалық
интерфейсті қамтамасыз ететін,
функцияларды орындау және
ұсыныстардың логикасы үшін бөлінген тұтынушылардың
қосымшалары орналасқан.
Орташа деңгейде қолданбалы логика орындалатын және
деректерді өндеу логикасы деректер базасымен операцияларды
орындайтын қосымшалар сервері орналасқан, яғни осы деңгей
пайдаланушылар мен үлестірілген деректер базаласы арасында
деректермен алмасуды қамтамасыз етеді. Қосымшалар сервері
барлық тұтынушылар үшін қолжетімді желі торабында
орналастырылады.
Үшінші,
жоғарғы
деңгейде қосымшалар серверінен
ақпаратты қабылдайтын деректер базаларының қашықтағы
мамандандырылған сервері орналасқан. Деректер базалары сервері
деректерді өндеу және файлдық операциялар қызметтері үшін
бөлінген.
Үш деңгейлік құрылымның артықшылықтары:
- деректер
базалары серверін қосымшалар серверіне
ауыстырылған операциялардың бөлігін орындаудан жүксіздеу;
- тұтынушылық
қосымшаларды оларды артық кодтан
жүксіздеу есебінен көлемін азайту;
- барлық тұтынушылардың бірыңғай тәртібі;
- тұтынушылардың күйге келтіруін жеңілдету – қосымшалар
серверінің
ортақ
коды
өзгерген
кезде
тұтынушылық
қосымшалардың тәртібі автоматты түрде өзгереді.
Үш деңгейлік құрылым тұтынушы-сервер екі деңгейлік үлгінің
кемшіліктерін жояды. Ол желіге жүктемені одан сайын
теңгерімдеуге мүмкіндік береді. Тұтыну-сервер жүйелері өскен
сайын, үш деңгейдің қажеттілігі айқын болуда.