Оқулық «Білімді дамытудың федералдық институты»


  Білімдерді пайдаланумен міндеттерді шешу



Pdf көрінісі
бет41/121
Дата31.12.2021
өлшемі3,84 Mb.
#21592
түріОқулық
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   121
Байланысты:
автоматтандырылған ақпарат жүйе

2.4.3. 
Білімдерді пайдаланумен міндеттерді шешу  
Сараптамалық  жүйені  жобалау  кезінде білімге қолжетімділіктің 
қалай  жүзеге  асырылатынына  және  олар  шешімді  іздеуде  қалай 
пайдаланытына  да  назар  аударылуы  тиіс.  Осы  не  басқа  нақты 
жағдайда  қандай  білімдердің  керектігін  білу  және  оны  пайдалана 
білу  –  сараптамалық  жүйе  қызмет  ету  процесінің  маңызды  бөлігі. 
Мұндай  білімдер  метабілімдер  деген  атауға  ие,  яғни  білім  туралы 
білім деген атауды алды. Таптаурын емес мәселелерді шешу қандай 
сұрақты қою керек, қандай мәтінді орындау керек және т.с.с. таңдау 
кезінде жоспарлау мен басқарудың белгілі бір деңгейін талап етеді.   
Бар мәндерді іріктеудің түрлі стратегияларын пайдалану, әдетте 
бағдарламаның  тиімділігі  сипаттамаларына  айтарлықтай  ықпал 
етеді.  Бұл  стратегиялар  бағдарлама  баламалардың  біршама 
кеңістігінде  мәселенің  шешімін  қандай  тәсілмен  табатынын 
анықтайды.  
Сараптамалық  жүйелердің  тұжырым  қосалқы  жүйесі  деген 
бағдарламалық  құрамдасы  бар,  ол  білім  базасы  мен  жұмыс 
көпшілігі  негізінде  жүйенің пайымдау процесін жүзеге асырады. Ол 
екі функцияны  орындайды:  
1) Жұмыс  жиынтығында  және  білім  базасы  ережелерінде  бар 


69 
 
фактілерді қарау және жұмыс жиынтығына жаңа фактілерді қосу;  
2) Ережелерді  қарау  және  қолдану  тәртібін  анықтау.  Бұл 
қосалқы  жүйе  консультация  процесін  басқарады,  пайдаланушы 
үшін  алынған  қорытындылар  туралы  ақпаратты  сақтайды  және 
кезекті ереженің жұмыс істеуі үшін жұмыс жиынтығында деректер 
жеткіліксіз  болғанда, одан ақпарат сұратады.  
Сараптамалық  жүйенің  мақсаты  –  нысаналы  пайымдау  деп 
аталатын  кейбір  берілген  фактіні  шығару,  яғни ережелерді қолдану 
нәтижесінде  осы  фактінің  жұмыс  жиынтығына  енгізілуіне  не  осы 
фактіні  керіге  шығаруға,  яғни  оны  шығару  мүмкін  еместігіне  көз 
жеткізу, сәйкесінше, жүйенің осы білім деңгейінде ол жалған болып 
табылатынына  көз  жеткізуге  қол  жеткізу.  Нысаналы  пайымдау  не 
жүйенің  білім  базасына  алдын  ала  «енгізілген»,  не  жүйемен 
пайдаланушымен диалогқа түсуінен шығарылады.  
Жұмыстың  жүйесі  қадамдардың  реттілігі  болып  табылады, 
олардың  әрқайсысында  жүйе  базадан  жұмыс  жиынтығының 
ағымдағы мазмұнына қолдануға болатын кейбір ережені таңдайды. 
Цикл нысаналы пайымдау шығарылған немесе теріске шығарылған 
кезде  аяқталады.  Сараптамалық  жүйенің  жұмыс  циклын  басқаша 
логикалық  тұжырым  деп  атайды.  Логикалық  тұжырым  көптеген 
тәсілдермен  жүруі  мүмкін,  олардың  ішінен    таралғаны  – 
тұжырымның тікелей және кері тәртібі.  
Тұжырымның  тікелей  тәртібі  –  жұмыс  жиынтығында  бар 
фактілерден қорытындыға қарай. Егер мұндай қорытынды табылса, 
ол жұмыс жиынтығына енгізіледі.  Тікелей тұжырымды деректермен 
басқарылатын тұжырым деп атайды.  
Мысал  ретінде  біздің  денсаулық  туралы  білім  базасының 
мысалына тағы бір ережені қосайық (2 ереже):  
ОНДА 
«Тәуекел жоғары» 
ЕГЕР  
«Өмір ұзақтығы 60 жылдан кем». 
 «Пациент  темекі  тартады»  және  «Қан  қысымы  орташадан 
жоғары»  фактілері  жұмыс  жиынтығында  бар  деп,  ал  жүйенің 
мақсаты пациенттің (пайдаланушының) ең ықтимал өмір ұзақтығын 
анықтау болып табылады деп ұйғарайық.  
Тікелей тұжырымда жүйенің жұмысы мына түрде өтеді.  
1.  1-ші  ережені  қарайық.  Оның  шарты  шынайы,  өйткені 
конъюкцияның  екі  элементі  де  жұмыс  жиынтығында  бар.  1-ші 
ережені  қолданамыз.  Жұмыс  жиынтығына  «Тәуекел  жоғары» 
фактісін  қосамыз.  
2.  2-ші  ережені  қарастырайық.  Оның  шарты  шынайы,  өйткені 
шарттағы  пайымдау  жұмыс  жиынтығында  бар.  2-ші  ережені 
қолданамыз. Жұмыс жиынтығына «Өмір ұзақтығы 60 жылдан кем» 


70 
 
фактісін  қосамыз. Нысаналы пайымдау шығарылды.  
Тұжырымның  кері  тәртібінде  қорытындылар  жұмыс  жадында 
табылғанға дейін немесе пайдаланушыдан олардың бірін растайтын 
фактілер  алынғанға  дейін  қаралады. Кері тұжырым бар жүйелерде 
алдымен  кейбір  гипотеза  шығарылып,  содан  кейін  тұжырым  тетігі 
жұмыс процесінде одан фактілерге өтіп кері қайтады және олардың 
ішінен  осы  гипотезаны  дәлелдейтіндерді  табуға  тырысады.  Егер 
растығы дәлелденсе, онда біріншісінің егжей-тегжейін ашатын және 
оған  қатысты  қосалқы  мақсат  болып  табылатын  келесі  гипотеза 
таңдалады.  Содан  кейін  бағынысты  гипотезаның  шынайылығын 
растайтын  фактілер  ізделеді.  Мұндай  тұжырымды басқарылатын 
мақсаттар деп атайды. Кері іздеу мақсаттар мәлім және олар көп 
болмаған жағдайларда қолданылады.  
Жағдайды  жеңілдету  үшін біз екі жағдайда да «Пациент темекі 
тартады» және «Қан қысымы орташадан жоғары» фактілер жүйеге 
мәлім  деп  топшыладық.  Іс  жүзінде жүйе кейбір ереженің шартына 
енетін 
фактінің 
шынайылығы 
немесе 
жалғандығын 
пайдаланушыдан  сұрай  отырып ережені қолдануға тырысқан сәтте 
анықтайды.   
Келтірілген  мысал  қарапайым  және  сараптамалық  жүйедегі 
тұжырымды  ұйымдастырумен  байланысты  көптеген  мәселелерді 
көрсетпейтін  етіп  әдейі  таңдалды.  Атап  айтқанда,  мысалдан 
пайымдаудың  тік  тізбегі  керіге  қарағанда  тиімдірек  деген  әсер 
қалдыруы  мүмкін.  Дегенмен  ол  олай  емес.  Тұжырымның  осы  не 
басқа  стратегиясының  тиімділігі  міндеттің  сипатына  және  білім 
базасының  мазмұнына  тәуелді.  Диагностика  жүйелерінде  тікелей 
тұжырым  жиі  қолданылады,  ал  жоспарлаушы  жүйелерде  кері 
тұжырым тиімдірек болады. Кейбір жүйелерде тқжырым кері және 
шектеулі-тікелей  тұжырымның  үйлесуіне  негізделеді.  Осындай 
біріктірілген  әдіс циклдік деп аталады.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет