85
болуы мүмкін.
5. Итеративті тәсілдеме құрамдастарды қайтадан пайдалануды
жеңілдетеді (бағдарламалауға құрамдасты тәсілдемені жүзеге
асырады). Бұл жобаның басында айқындауға тырысуға қарағанда,
жобаның ортақ бөліктері олар ішінара әзірленген кезде айқындау
айтарлықтай жеңіл болуымен түсіндіріледі. Бірнеше бастапқы
итерацияларды
өткізгеннен
кейін
жобаны
талдау келесі
итерацияларда жетілдірілетін бірнеше рет пайдаланылатын ортақ
құрамдастарын айқындауға мүмкіндік береді.
6. Шиыршықты үлгі анағұрлым сенімді және тұрақты жүйеге
қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл жүйе дамыған сайын, қателер
мен әлсіз жерлері әр итерацияда анықталып түзетілуімен
байланысты. Бірмезгілде тиімділіктің сыни параметрлері түзетіле
алады, ал сарқырама үлгісі кезінде бұл тек жүйені енгізудің
алдында ғана іске асырылады.
7. Итеративті тәсілдеме әзірлеу процесін жетілдіруге мүмкіндік
береді – әр итерацияның аяғында жүргізілетін талдау әзірлеуді
ұйымдастыруда ненің өзгертілуі тиістігіне баға беруге және оны
келесі итерацияда жақсартуға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: